Untitled Document

Ғибрат... Абдуррахман бин Ауф

Сахабалардан Абдуррахман бин Ауф хазреттері мұсылман болмай тұрып сауда-саттық жасап Йеменге әр барған кезінде Акселан бин Ауакирул-Химеридің үйіне қонаққа баратын. Ол кісі де әр барғанында Меккеден хабар күтіп: «Келетіні хабар берілген адам шықты ма?» деп сұрайтын.

Расулуллаһ алейһиссаламға пайғамбарлығы білдіріліп исламды жая бастаған жылы Абдуллаһ бин Ауф Йеменге барып әлгі кісінің үйінде қонақта болды. Үй иесі: «Мен сені сауда-саттықтан да қайырлы нәрсемен сүйіншілемекпін. Шүбһәсіз Аллаһ сенің қауымыңнан өзінен разы болған таңдаулы адамды пайғамбар етіп жіберді. Ол пұтқа табынуға тыйым салып, исламға шақырады. Ертерек елге қайт. Өзін растап қолда және мына өлең шумақтарын оған алып бар!»

Абдуррахман бин Ауф өлең шумақтарын жаттап, Меккеге қайтты. Хазреті Әбубәкірге Йемендік қарт кісінің айтқандарын жеткізді. Хазреті Әбу Бәкір: «Ол адам Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед алейһиссалам. Аллаһу та’ала оны адамдарға пайғамбар етіп жіберді. Дереу оған барып иман келтір!»- деді.

Абдурраһман бин Ауф пайғамбарымыздың құзырына келгенінде, расулуллаһ алейһиссалам күлімдеп: «Қандай хабар алып келдің ей Абдуррахман? Маған арнайы жіберілген ол кісінің аманатын тапсыр. Шүбһәсіз оны маған жіберген Химериұлдары мүминдердің үстемдерінен»- деді. Абдуррахман бин Ауф шаһадат кәлимасын айтып мұсылман болу мәртебесіне қауышты.