Untitled Document

Сұхбат... Ислам ілімдері

      Мұсылмандардың білуі, үйренуі қажет болған ілімдерге «Ислам ілімдері» делінеді. Бұл ілімдердің бір бөлігін үйрену парыз, бір бөлігін үйрену сүннет, ал бір бөлігін үйрену мубах болып табылады. Ислам ілімдері негізгі екі бөлікке бөлінеді: Бірінші бөлігіне «Улуми нақлийә» (нақыл ілімдері) делінеді. Бұл ілімдер «Дін ілімдері» деп те аталады. Бұл ілімдерді әһли сүннет ғалымдары сахабалардан, ал олар сүйікті пайғамбарымыздан (алейһиссалам) үйренген. Дін ілімдері екіге бөлінеді: Захири (сыртқы) ілімдер және батини (ішкі) ілімдер. Захири ілімдеріне «иман ілімдері» және «фиқһ ілімдері» немесе «ислам үкімдері» делінеді. Батини ілімдерне «тасаууф ілімдері» немесе «марифат» делінеді. Иман ілімдері мен ислам үкімдері мүршидтерден, ақида және фиқһ кітаптарынан үйреніледі. Ал марифат, мүршидтердің көңілдерінен ағып өтеді. Ислам ілімдерінің екінші бөлігіне «Улуми ақлийа» (ақылмен табылатын ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) делінеді. Жандыларды үйрететін ілімге «Улуми тыббийа», ал жансыз заттарды үйрететін ілімге «Улуми хикамийа» делінеді. Аспан, жұлдыздарды үйрететін ілімге «Улуми фалакийа», табиғат ілімдерін үйрететін ілімге «улуми табиийа» делінеді. Ақли ілімдерге математика, логика және тәжірибе ілімдері жатады. Бұл ілімдерге сезім мүшелері арқылы сезініп, ақылмен зерттеп, тәжірибе және есептеу арқылы қол жеткізіледі. Бұл ілімдер дін ілімдерін түсінуге және оларды орындауға көмекші болады. Осы жағынан өте қажетті. Мұндай ілімдердің саны уақыт өтумен артады, өзгереді, дамиды. Сондықтан «Тәкмили сынаат, тәлахики әфкар» делінген. Бұның мағынасы «Өнердің,  жаратылыстну ғылымдарының, технологияның дамуы, ой-пікірлердің, тәжірибелердің өзара қосылуымен жүзеге асады.» деген сөз.