Untitled Document

Сіз білесіз бе... Жаботикаба ағашы

Біз білетін алма, өрік жемістер ағаштың бұтақтарында өседі. Ал кейбір ыстық елдерде ғажайып ағаш түрлері бар, бұл ағаштарға жемістерін өсіру үшін бұтақтардың қажеті жоқ: олардың жемістері діңгегінде өсе береді. Мұндай қасиеттерге жаботикаба ағашы ие  — оны тағы бразилиялық жүзім ағашы деп те атайды. Бұл жеміс – Боливия, Парагвай, Аргентина, Уругвай, Колумбия, Панама, Перу, Куба және Филиппин елдерінде өседі. Жаботикаба — биіктігі 5-12 метрді құрайтын үнемі жасыл түсті жай өсетін жұмыр-ленцет тәрізді ағаш. Ағаштың жылтыр көн сияқты жапырағының ұзындығы 2,5—10 см, ал көлденеңінен 1,25—2 см-ді құрайды. Көктем және жаз мезгілдерінде гүлдеп жеміс береді. Төрт жапырақты ақ гүлдерінің аталығы – 60 дана, әрқайсысы 4 милиметрді құрайды. Жемістері ағаштың діңі мен басты бұтақтарында ғана өседі. Домалақ немесе эллипстік пішінді, қою-күлгін түсті болады. Олардың жартылай мөлдір, желесі жаңа піскенінде жеуге жарамды. Сонымен қатар, одан тосап, мармелад, шырынды сусындар дайындайды, ал кептірілген қабығынан қайнатпа жасап, астма, іш өту және дизентерия кезінде ішеді. Дәрумен және минералдар қорына қанық бұл жемістің ас қорытудың жақсаруына, токсиндерді денеден шығаруға көмекші деп білінеді.