Ғибрат... Ішке симаған ғайбат
Хасан Басри хазреттеріне бір кісі келіп:
- Пәленше сізді жамандады, сіз туралы мынадай, мынадай орынсыз нәрселерді айтты,- дейді. Хазреті Хасан Басри:
- Сен бұл сөздерді сол кісінің өз аузынан естідің бе?- деп сұрайды. Әлгі кісі:
- Иә, мені қонаққа шақырған болатын, дастархан басында сіз туралы осы нәрселерді айтты»- дейді.
- Дастарханда не бар еді, сені қалай күтті, жақсы ішіп жедің бе?
- Ооо, Дастарханда әр түрлі сусындар, етті тағамдар болды, қонақжай кісі екен, жақсы ішіп жедік,- дейді. Сонда Хасан Басри хазреттері:
- Осыншама тағамдарды ішіңе сидырып, екі ауыз сөзді ішіңе сидыра алмай маған неге әкелдің?» деген екен.
Мәлімет...
Айдағы дауыс
НАСА (АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы) тобының астронавты Сунита Уильямс ғарыш сапарынан жерге қонғаннан кейін мұсылман болғандығын жариялады. Сунита Уильямс ғарыш сапарынан алған әсерін қысқаша былай баяндады: «Бүкіл жер беті қараңғы болып тек екі жері ерекшеленіп жарқырап тұрды. Бұл көрініс біздің көңілімізді баурап алды. Кейін бұл екі жарықтың Исламның қасиетті топырақтары болған Мекке мен Мәдина екендігін анықтадық. Айда “Аллаһу әкбар”, “Аллаһу әкбар” деген дауыс естідік.»