Untitled Document

Күннің тарихы... Хазреті Әлидің қайтыс болуы

Хазіреті Әли Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” әкесінің ағасы Абу Талибтің баласы еді. Ислам халифаларының және жаннатпен сүйіншіленген 10 адамның төртіншісі. Хижрадан 23 жыл бұрын Меккеде туылды. 10 жасында иман етті. Бүкіл соғыстарда қаһармандық танытты. Тек Ухуд соғысында 16 жерінен жарақат алды. Хижри 35 жылы Зүльхиджа айында халифа болды. 40 жылы Рамазан айының 17-сі жұма күні таң намазына бара жатып, Абдуррахман Ибн Мулжам атты харижит сектасының өкілі тарапынан кеудесіне қылыш ұрып шәһит етілді. (24 қаңтар 661) Қабірі Куфада Наджаф деген жерде.

Пайғамбарымыздың күйеу баласы. Әһли бәйттің біріншісі. Жүзі бидай түсті, ұзын мойынды, жарқын шырайлы, ірі және қара көзді, жалпақ кеуделі, ірі денелі еді. Сақалы қалың еді. Соңғы күндерінде шашы мен сақалы мақта секілді ағарған болатын.

Хазреті Әли былай деген:

– Адамдарды жақсы көріңдер және сыпайы болыңдар!

– Бәрімен әділ мәміледе болыңдар!

– Тарап тұтпаңдар, кейбіреулерді қолпаштамаңдар!

– Қызметкер аларда, залымға қызмет етпегендерді таңдаңдар!

– Дұрыс, әділ және сыпайы адамдарды таңдаңдар!

– Қызметкерлеріңе айлықты жететіндей етіп беріңдер!

– Қызметкерлеріңді әрқашан бақылап тұрыңдар!

– Халықтың сенімін ақтаңдар!

– Ешқашан берген уәделеріңнен қайтпаңдар!

– Ашуларыңды жеңебіліңдер! Ашулы кезде жаза беруден ұзақ болыңдар.

Шынайы тәубе 6 нәрсемен болады.

– Бұрынғы күнәларға өкіну арқылы.

– Күнәларды тәрк ету арқылы.

– Бұдан былай қайталамауға шешім қабылдау арқылы.

– Құл және Аллаһу та’аланың ақысын өтеу арқылы.

– Күнәнің ләззатын алғандай, ғибадаттардың да ләззатын алу арқылы

– Хараммен азықтанған денені ғибадаттарға жұмсау арқылы