Untitled Document

Сұхбат... Қол жуу

Тамақтанудан алдын сүннет екенін ойлап, яғни сүннетті орындау ниетімен қол жуудың өте көп пайдалары бар. Жуғаннан кейін ылғалды саусақпен көздің қабағын сүрткен адам Аллаһу та’аланың мейірімімен көз ауруын көрмейді. Дастарханға отырар алдында қолды жуудың біршама  пайдалары мынадай:

- Арши Рахманның астында бір періште былай дауыстайды: «Қолыңды тазартқаныңдай, сенің кіші күнәларың да тазарды.»

- Нәпіл намаз оқығандай сауап беріледі.

- Кедейліктен амандықта болады.

- Сыддықтардың сауабына қауышады.

- Періштелер ол үшін истиғфар айтады.

- Жеген тағамының әрбіз үзімі үшін оларды садақа еткендей сауап беріледі.

- Тамақтан кейін еткен дұғасы қабыл болады.

- Ол түні қайтыс болса шәһидтік мәртебесіне қауышады.

- Күндіз қайтыс болса шәһидтер тобына жазылады.  

Тамақтан кейін де сүннет екенін ойлап қол жуудың 6 пайдасы бар:

- Арши Рахманның астында бір періште: «Ей Мүмин! Расулуллаһ алейһиссалам сенен разы болды» деп дауыстайды.

- Бұл ниғметке қатысты сауапқа қауышады.

- Денесіндегі түгінің санындай сауап жазылады.

- Мейірім дариясынан нәсібі болады.

- Қолынан тамған тамшылар санындай сауап алады.

- Ол түні қайтыс болса, шәһид болады.