Бұл қызық... Шай туралы (2)
Шайдағы кофеин мидағы капилярларды кеңейтіп, мидағы қысым азаяды, бас ауруы да осы себепті тоқтап, адам рахаттанады. Тері бетіндегі капилярлар кеңейгенде ыстықтық сыртқа шығып, адамның ыстығы басылып серігіп қалады. Асқазанды желдендірмейді, қышқыл түзбейді. Әлсіздікті кетіреді, зейінді ашады. Шайдағы В витамині демделу кезінде суға өтеді, сондай-ақ шайда Е және К витаминдері және пайдалы минералдары бар. Демдеп 5-10 минуттан кейін ішкен жақсы, 2-3 сағат өткен шайды ішу зиян деп айтылады. Шай ыстық және ылғалды өлкелерде өседі. Шай өсіретін елдер көбінесе 36 паралелдің үстінде.
Елімізде шайға сүт қосып немесе лимон қосып ішу әдет. Соңғы кездері көк шайға қызыл шайды араластырып оған лимон қосып ішу модаға айналуда. Солтүстік Африкадағы Туарегтер шайға мята қосып ішеді. Тибеттіктер, ұйғырлар шайға сары май, сүт және тұз қосып ішеді. Моңғолдар бұған ұн да қосатын көрінеді. Өзбектер қызыл шайға қарағанда көк шайды көбірек ішеді. Шайды ең көп ішетін халық ретінде ағылшындар белгілі. Лэди Астор премьер-министр Черчильге қарап «әйеліңіз болсам, шайыңызға у қосып берер едім» деген сөзіне Черчиль «күйеуіңіз болсам сол шайды ішер едім» деп жауап берген екен. Америка тәуелсіздігін шайға борыштар. Шай импортына өте жоғары салық сұраған ағылшынарға қарсы шығудан басталған көтеріліс тәуелсіздік соғысының ұшқыны болған. Шай бұрындары қымбат дүние болатын. Бір тұтам шайға қол жеткізген кедейлер оны құрғатып қайта демдейтін. 1950 жылдардан кейін шай көбейіп бағасы арзандай бастады.