Untitled Document

Бұл қызық... Шай туралы (1)

Шайдың да алғаш шыққан жері Қытай деп білінеді. Аңыз бойынша б.з.д. 2500 жылдары Қытай императоры Шен  Йонг гигиена ретінде суды қайнатып ыстықтай ішкен екен. Жаздың ыстық күнінде қайнаған суына кездейсоқ екі-үш түйір жапырақ түседі. Император ыстығын басып, өзін сергіткен бұл сусынды қатты ұнатқан екен деседі. 758 жылы философ Лу Йу шай қалай өсіріліп өңделетінін, қалай демделетінін қаламға алып «Шай қаруы» атты кітап жазған. Жапондар шайды «Ча-но-йо» атты рәсіммен ұсынатын болған. Какузо атты ақындары шайнама атты еңбегінде шайды құдайдың берген ниғметі ретінде мақтап жазған. Европаға шайды Венециялық саудагрелер алып барған. Шайды кеңінен саудалағандар болса 1560 жылдардан бастап Португалиялық саудагерлер болды. Өте бағалы болғандықтан тек дәріханаларда сатылып, тек байлар ғана іше алатын. Ағылшындар Үндістан мен Цейлондағы коллонияларында шай өсіріп Қытайдың монополиясына бәсекелеп нарықты қолдарына түсірді.   

Шайдың екі түрі танымал: қара шай және көк шай. Қара шай көп өңдеулерден өтеді. Алдымен ыстық ауа арқылы жартылай құрғатылады. Кейін жапырақтар сығылып сөлі шығарылады. Онан соң ферментациядан өтеді. Салдарында түсі қараяды. Кейін жапырақтары бұталарынан тазаланады. Көк шайдың өңделуі қысқа. Жапырақтары бұталардан ажыратылған соң ферментацияға алынады. Көк шайдың түсі ашық түсті және қышқылды болады. Зәр айдаушы қасиеті бар. Қара шай нәзіктеу келеді, жарық өткізбейтін ыдыста сақтау керек. Жеміс-жидек және гүл негіздерімен хош иістендірілген шайлар да бар. Ең мәшһүрі бергамут майымен өңделіп дайындалған шай.

(Жалғасы ертең...)