Untitled Document

Сұхбат ... Бақыт жолы

Дін – рухтың азығы. Дінсіз адам басы жоқ кеудеге ұқсайды. Бір дененің дем алуға, ішіп жеуге қажеттілігі болғаны секілді, рухтың да таза болуы үшін, бақытқа қауышуы үшін дінге қажеттілігі бар. Дінсіз адамның роботтан немесе жануардан айырмашылығы жоқ. Дін адамға Аллаһты танытатын, оны жамандықтан алыстататын, оның жолын ашатын, қиын кезеңдерде көңілін басатын, материалдық және рухани жағынан қуат беретін, ел ішінде құрметке, беделге және махаббатқа қауыштыратын, ахиретте мәңгілік тозақ отынан сақтайтын себепші. 

Бүкіл илаһи діндер бір-бірінің жалғасы. Бірақ діндер әртүрлі замандарда Аллаһу та’ала тарапынан жаңаланып тұрған. Бір Аллаһқа иман еткен шынайы діндердің бәрі, бастапқы кезеңінде жалғыз бір дін, жалғыз бір иман болған. Адамдардың оны өзгертуімен, Аллаһу та’аланың әмірімен және оның жіберген Пайғамбарлары арқылы түзетіліп тұрған. Қияметке дейін өзгермейтін ең соңғы дін Мұхаммед алейхиссаламның алып келген Ислам діні.

Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында

Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.  

Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.  

Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.

Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.