Untitled Document

Сұхбат... Аллаһу та’аланың мейірімі

Аллаһу та’аланың дүниедегі барлық адамдарға деген мейірімі шексіз. Адамдарға қажетті ниғметтерін жаратып, барлығына жіберуде. Дүниеде және ахиретте бақытқа қауышулары үшін бұл ниғметтерді қалай қолдану, қалай пайдалану керектігін де көрсеткен. Исламды мүлдем естімеген кәпірлердің жаһаннамға кірмейтінін, есеп-қисаптан кейін жануарлар секілді жоқ болып кететінін хазреті Имам Раббани 259-шы хатында білдірген. Естігеннен кейін иман келтіргендерді жаннатқа кіргізеді. Құлдарына ойлану үшін бір ғұмырлық уақыт берген. Нәпістеріне, жаман достарға, зиянды кітаптарға және шет елдік ақпарат құралдарына алданып күпірлікке түскендерді және адасқан жолда жүргендерді иман келтіргеннен кейін кешіреді. Оларды мәңгі пәлекеттен құтқарады. Ал азғын, залым құлдарына хидаятты (имандылықты) нәсіп етпей, өздері ұнатқан, қалап таңдаған жаман жолдарының шырмалаңына тастайды. Ахиретте тозаққа кіруі керек болған мүміндердің ішінен қалағанын күнәларының мөлшеріндей жаһаннамда азаптап, қайта жаннатқа кіргізеді. Барлық  жан біткенді жаратып, бар қылып ұстап тұрған, оларды қорқыныш пен үрейден сақтап тұрған жалғыз Ол.

Зеректік жұмбағы...

Еңкею

Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды (тізені) бүкпей еңкейіп алып көріңіз. Алайда ала алмайсыз. Мұның себебі неде?

(Жауабы ертең)