Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Ғайбат – оба секілді (2)

Адамды ғайбат етуге итермелейтін себептер көп. Бұл жерде он бірі айтылады: Оған қарсы дұшпандық, кек сақтау, қасындағылардың пікірлеріне қосылу, жақсы көрмейтін бір адамды жамандау, өзінің ол күнәні істемегенін білдіру, өзінің одан жоғары, үстем екенін білдіру, хасед ету (көре алмаушылық ету), қасындағыларды күлдіру, қалжыңдау, оны мазақ ету, ойламаған адамның харам істеуіне таң қалғанын білдіру, оған ренжігенін, оған жаны ашығанын білдіру, харам істегені үшін жақсы көрмегенін білдіру.

Ғайбат адамның сауаптарының азаюына, ғайбаттаған адамының күнәларының өзіне берілуіне себеп болады. Бұларды әрдайым ойда ұстау адамның ғайбаттауына кедергі болады.  

Ғайбаттаудың үш түрі бар. Біріншісінде «Мен ғайбаттаған жоқпын, ондағы нәрсені айттым» дейді. Бұлай айту күпірлік болады. Өйткені, харамды адал деп санау болады. Екіншісі ғайбатталған адамға айту. Үлкен харам болады. Тәубемен кешірілмейді. Одан кешірім сұрау да керек. Үшіншісінде ғайбатталған адам мұны білмейді. Тәубе етумен және оған қайырлы дұғалар оқумен кешіріледі.  

Қасында біреудің ғайбатталғанын естіген адам бұған дереу кедергі болуы керек. Хадис шәрифте: «Діндес бауырына білдірмей көмектескен адамға Аллаһу та’ала дүниеде және ақыретте көмек береді» делінген. Ғайбаттаудың өтеуі өкіну, тәубе ету және одан кешірім сұрау. Өкінбестен кешірім сұрау басқа күнә болады.

Бидғаттарды, мазһабсыздықты (адасушылықты), күнә істеуді үгіттейтіндердің,  зұлымдық ететіндердің, сауда-саттықта айла, қулық жасайтындардың бұл жамандықтарын мұсылмандарға естіртіп, бұлардың зиянынан сақтануына себеп болу және мұсылмандықты қате жеткізетіндердің осы жалаларын айту керек, бұл ғайбат болмайды.