Untitled Document

Күннің тарихы... Арампиғыл (1)

Былтыр 7 қаңтар күні париждегі Шарли Хебдо журналының редакциясына қастандық жасалған болатын. Бұл оқиғаны әдеттегідей батыстық ақпарат құралдары мұсылмандарға жауып дүрліктірді. Ал бұл оқиғаның астарында арампиғылды саясат жатуы мүмкін екендігін ойлап көргендер бар ма...  Хара-кири деген атпен бастаған Франциядағы әлгі сұмпайы журнал Францияның президенті Де Голльді  мазақ қылғандығы үшін жабылған болатын. Кейін «Шарли хебдо» деген атпен шыға бастаған. Де Голль үшін жаптырылып, ал әлемдерге мейірім ретінде жіберілген Аллаһу та’аланың елшісі және пайғамбарын мазақ етуді баспасөз еркіндігі деген маска астына жасыру өте жиіркенішті нәрсе. Бір қызығы бұл журнал бүкіл діндердің қасиетті деп санаған құндылықтарын мазақ етіп шыққан. Бірақ бұл журналдың ескі атымен шыққан сандарында да, кейінгі атымен шыққан сандарында да яһудилік дінін, яһудилікте қасиетті саналатын нышандарды мазақ қылғаны байқалған емес. Сондай-ақ араб елдерінде, африкадағы қаншама елдерде, палестинада, басқа да бірқатар елдерде терор, қантөгістер орын алуда, жазықсыз мыңдап қырылып жатқандар бар. Бірақ ешбірі үшін 50 елдің басшылары жиналған емес. Бұдан аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін дегенді көруге болады.

Негізінде Франциядағы бұл шабуыл мұсылмандарға жасалған шабуыл еді. Дүние жүзіне қарқынды түрде тарап жатқан мұсылмандықты тежеу, адамдардың санасына «исламофобияны» бұрынғыдан да мықтылап орналастыру болып табылады.  Бұл Моссад сияқты сыртқы күштердің сценариясымен жүзеге асқан дүние. Осы қантөгіс арқылы 2 негізгі мақсат көзделді: 1) Франция Палестинаны мемлекет ретінде танылуы туралы шешім шығару қарсаңында болатын. Францияға осы арқылы «жайыңа отыр!» деп ымдалған болды.  2) Еуропада мұсылман халықтың ең көп шоғырланған елі Франция болып табылады. Сондай-ақ Еуропаға қоныс аударып келіп жатқан және жергілікті мұсылман халықтарға деген дұшпандықты күшейту болды.

(Жалғасы ертең...)