Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам (2)
Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi едi. Ол барлық адамдардың iшiндегi ең әдемiсi болатын. Әдемілiгiн баршаға көрсете бермейтiн. Ол әрқашан, дүниедегi барлық адамзаттан және болашақта келетiн адамдардың бәрiнен тұғыры биiк, мәртебесi жоғары адам. Балалық шағында саудагерлермен Шам тарапына екi рет сапар шегiп, Бусра деп аталатын жерден керi қайтқан. Одан басқа уақытта ешбір сапарға шықпаған. Ол оқуды, жазуды бiлмейтiн, яғни мектеп-медреседе оқымаған еді. Ешкiмнен сабақ алмады. Бiрақ барлық нәрсенi бiлетiн едi. Яғни не ойласа да, қандай да нәрсенi бiлгiсi келсе, Аллаһу та’ала оған бiлдiретін едi. Жәбрейiл (алейһиссалам) атты перiште келiп оған қалаған нәрсесiн айтатын.
Расулуллаһтың бiлiмi, парасаттылығы, санасы, ақылы, зейiнi, жомарттығы, қарапайымдылығы, жұмсақтығы, мейрімділігі, сабыры, қайраты, намысы, сенімділігі, батылдығы, батырлығы, сөйлеу көркемдігі, пәктігі, айбаттылығы, көркемдігі, діндарлығы, ынсаптылығы, шыншылдығы, аманатқа қиянат жасамауы, көңiлiнiң ояулығы, тақуалығы, абыройы, әдiлеттiлiгi және иффеті (ар-ұяты) барлық пайғамбарлардан артық едi. Дос-дұшпанынан көрген зияндарды кешіретін еді. Ешкімге кек қайтармайтын едi. Ухуд соғысында кәпiрлер мүбәрәк жүзін қанатып, тiстерiн сындырған кезде, оларға: «Йа, Раббым! Оларды кешіре гөр. Бұл істерін олардың надандықтарына бағыштай гөр.»- деп дұға еткен.
Мұхаммед алейһиссаламның асыл қасиеттерi мен мiнездерi көп. Әр мұсылманның бұларды үйренiп, осы қасиеттерді өз бойына қалыптастыруы керек. Осылайша дүние және ахыретте пәле-жалалардан, қиындықтардан құтылып, екi дүниенiң мырзасы пайғамбарымыздың алейһиссалам шапағатына қауышуы нәсiп болады.