Untitled Document

Үй үшін - Практикалық мәліметтер

• Тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қою керек.
• Болаттан жасалған қазанды жуғаннан кейін дереу құрғату керек.
• Жарылған қолдар жатардан бұрын 10 минут жылы суға салынады. Сосын крем жағып, қолғап киіп жатады.
• Ақ киімдер қайнататын суға бірнеше жұмыртқаның қабығын салса қардай аппақ болады.
• Ыс дақтарын кетіру үшін дақтың үстіне лимонды сығып, тұз сеуіп, уқалап жуады.
• Суреттердің қабырғаға із қалдырмауы үшін екеуінің арасына жұқа мата қойылады.
• Миксерді тазалау үшін ыдыс жартысына дейін ұнтақты суға толтырылып, 5-10 секунд іске қосылады. Суын төгіп, тазалап кептіреді.
• Пеш темірінің астына алюминий қағаз салынса, төгілген нәрселер оңай тазаланады.
• Бақыр заттарды тазалау үшін лимон және тұзбен ысқыланады. Күл де бұл заттарды жылтыратады.
• Әйнектерді тазалау үшін сіркелі сумен сүртіледі. Дақ қалса судың ішіне біраз аммиак салынады.
• Пісірілетін көкөністердің түсін жоғалтпау үшін алдымен мол мұзды суға салынады.
• Пияздың үстіне біраз ұн сепсе қуырғанда қараймайды.
• Баклажанның ащысын алу үшін кесіп тұзды суға салады.
• Айранның барлық витаминдері мен минералдары оның суында.
• Жұлынған гүл ұзаққа шыдауы үшін суына біраз мүсәтір (нашатырь) немесе аспирин салынады.
• Қышқыл сарымайдың ішіне үккіштен өткен бір сәбіз салынса, 8 сағаттан кейін қышқылдығын жоғалтады.
• Жөндеуді қажет ететін заттарды қолдану әрдайым қауіп көзі болып табылады.

Кешегі жауап

Дүйсенбі