Тарих - Орта ғасырдағы Еуропаның жазалары
Орта ғасырда Еуропада адамдарға берілген жазалар 4000 жыл бұрынғы Хаммураби заңдарында да жоқ еді. Мәдениеттілігімен танымал Еуропа заңдарындағы жазалар түрі мынадай болды: төртке бөлу, дөңгелекке байлап езу, қазыққа қағу, өртеу, суда тұншықтыру, тірідей көму, асқазанын ақтару, тілін кесу, көзін шығару, ыстық суда, ыстық майда қайнату, терісін сыпыру т.б.
Бұл жазалардың көбі ХVІІІ ғ дейін жалғасты. Шіркеу инквизициялары бұл заңдарды одан да күшейткен.
1790 жылдардың өзінде Англияда әйел сату, ең анығы бір еркектің өз әйелін сатуы күнделікті құбылысқа айналған еді. Газеттерінде мұндай сату түріне жарнамалар берілетін. “Өте жақсы мүмкіндік!”, “Қолдан жіберіп алмаңдар!” секілді...
Күйеулері әйелдерін мойындарына жіп байлап базарға алып келетін. Сатуға апарылатын әйелдің күйеуіне қарсылық көрсету құқы жоқ болатын. Әйелдер базарда қой, сиырлармен бірге мал секілді сатылатын. Сатушылар әрине тауарларын ең нәзік тұстарына дейін көрсетіп мақтайтын. Сонымен қатар бұл сауда түрінен мемлекет те салық алатын. Мемлекеттен хабарсыз жасалған сауда жарамсыз саналатын. Саудада мемлекет қызметкерлері де қатысып, құжатпен бекітетін еді. Әйелдерді базарға мойнына жіп байлап алып баруы да шарт болған...