Сұхбат - Тамақтану әдебі (2)
Тамақтанудың харамдары
•Тойғаннан кейін жеу (қонақ бар болса немесе сәре тамағында харам болмайды).
•Дастарханда харам нәрселер (ішімдік, сазды аспаптар) болуы.
•Денсаулыққа зиянды нәрселерді жеу.
•Өз атаған (нәзр еткен) мал етінен жеу.
•Тамақта ысырап ету.
•Харам нәрсе жегенде бисмилләһ айту.
•Қонаққа шақырылмай бару.
•Басқаның мүлкінен рұқсатсыз жеу.
•Зиянды нәрселерді жеу.
Басқа да маңызды жайттар
•Түрегеп тұрып жемеу.
•Қолды үсті-басына сүртпеу.
•Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.
•Қонақта шақырмай тұрып дастарханға отырмау.
•Аш кезде де ақырын жеу.
•Тамақтану барысында қорқынышты және жеркенішті нәрселерді айтпау.
•Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау.
•Үй иесіне береке және рахмет тілеп дұға ету.
•Ауызда, қолда ет және тамақ иісі бар күйде жатпау.
•Балалардың да қолын жудыру.
•Тоқ күйде жатпау.
•Тағамдардың, сусындардың бетін жабық ұстау.
•Суды стаканға құйып ішу.
•Қажеттіліксіз пасықтармен бірге ішіп-жемеу.
Күлімдейік - Такси ақысы
Таксимен керектi жерiне жеткен Қожанасыр жүргiзушiге: «Қанша ақша аласыз?» - десе, жүргiзушi: «Екi жүз теңге!» - дептi. Қожанасыр жүз теңге берсе, əлгi жүргiзушi ашуланып: «Мен сiзге екi жүз теңге деп айттым ғой!» - дептi. Сонда Қожекең де бұлқан-талқан болып: «Неменеге айқайласыз? Екеумiз бiрге келген екенбiз, бөлiп төлеймiз!» - депті.