Untitled Document

Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бүгін – тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміздегі тойланатын ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күндері республика қызметкерлері үшін демалыс.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Сондай-ақ бұл күн еске алу күні. Халық Алматының Республика алаңына 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алып құрметтеу үшін шығады.

Қазақстанның тәуелсіздік күні республиканың ең жоғарғы мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бүкіл ел мерекелейді, сол оқиғалардың куәгерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күннің құрметіне мәдениет, спорт, саясат, өнер және өмірдің басқа да салаларындағы әртүрлі қызметкерлер марапатталады. Абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. Барлық қалаларда, ауылдарда мерекелік іс-шаралар өтеді, кешкісін аспанға салют атылады.

Мәлімет - Белгісіз ақиқаттар (2)

● Жердің тартылыс күшін анықтаған ғалым Рази.
● Маятникті (тербеліп тұратын сырықты) сағатты алғаш рет жасаған Ибн Юнус.
● Заттардың меншікті салмағын алғаш есептеген ғалым Хазини.
● Атомның бөлшектеле алуын алғаш анықтаған ғалым Жабир бин Хаян.
● Кемпірқосақ түзілуіне алғаш түсініктеме берген ғалым Қутбеттин Ширази.
● Алғашқы химия лабораториясын құрған ғалым Жабир.
● Фосфорды алғаш тапқан ғалым Бешир.
● Минаатарды (миномед) алғаш тапқан ғалым Фатих Сұлтан Мехмед.
● Алғаш құрлықтарға саяхат жасау жайында жазған ғалым Ибн Баттута.
● Алғаш әлем картасын сызған ғалым Мурсиели Ибраһим.
● Алғашқы дәрі-дәрмектер жайындағы кітапты жазған ғалым Ибн Байтар