Untitled Document

Сұхбат - Дерт пен жанжалдардың себебі (2)

Өз нәпісін жек көретін адамның көңіл көзі ашылады. Мұндай адам харамдардан, өр-көкіректіктен, тәкаппарлықтан және барлық жамандық атаулыдан тыйылады. Мұндай адамды достары және айналасындағылардың жақсы көретіні соншалық, шөлдеп тұрған адам су ішкенде қалай шөлі басылатын болса, бұл адамды да дәл сондай дәрежеде жақсы көреді.

Ислами мінез-құлықтың көптеген анықтамалары бар. Бірақ, дін ғұламаларымыздың ең көп берген анықтамасы мынадай: "Ешкімге жүк болмау, керісінше өзгелердің жүгін тарту."

Рахаттық пен бақыт Ислам дінінің ішінде. Ислам дінінің сыртынан бақыт іздеу, шөл даладан су іздеу секілді. Бір күні барлық адамдар мұның ақиқатын түсінеді, бірақ тым кеш болады.

Адам Аллаһу та'алаға ғибадат ететін болса, Аллаһу та'ала ол адамның бұл дүниеде істерін жеңілдетеді, қабірде аяушылық көрсетеді, ахыретте, махшер алаңында кешіреді. Сондықтан дүниеде және ахыретте Аллаһу та'аланың бізбен қандай мәміледе болуын қаласақ, біз де Оның құлдарымен, яғни адамдармен сондай мәміледе болуымыз керек.

Шайтан адамның тек қасында емес, ішінде де болады. Адамның ішіндегі шайтаны – оның күш-қуатының тасуы. Қуаты көбейгенде адамда тәкаппарлық және менмендік пайда болады. Жаман қасиеттердің ең төменгісі – тәкаппарлық. Тәкаппарлық барлық жақсылықтарға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға кедергі болуымен қатар барлық қиыншылықтардың да басы болып саналады. Хазреті Имам Ғазали: "Жүрек періштелерге тән мекен. Ал ашу, шәхуат, хасәд (көре алмаушылық), тәкаппарлық секілді жаман мінездер ұлыған итке ұқсайды. Ит болған жерге періштелер кірмейді. Хадис шәрифте: «Ит пен сурет болған үйге періштелер кірмейді.» делінеді. Бұл хадис шәрифтегі үйдің жүрек, иттің жаман мінез екенін айтып жатқаным жоқ. Ашық мағыналарына сенумен қатар, жоғарыдағы мағыналарын да қосып жатырмын." деген.