Untitled Document

Сұхбат - Дерт пен жанжалдардың себебі (1)

Адамдар діннен алыстаған сайын бір-бірімен ара-қатынасы суып, жоқшылыққа ұшырап, жәбірлену және қайғы-қасіреттен құтыла алмауда. Дүниелік ғылымдарда, технологияда таңқаларлықтай ілгерілеу жүзеге асып жатса да, жер бетіндегі бақытсыздықтың, қайғы-мұңның азаймағаны, тіпті көбейіп жатқандығы да айқын көрінуде.

Аллаһу та'ала адамдардың бақытына себеп болатын нәрселерді әмір еткен. Пәлекеттерге себеп болатын нәрселерге тыйым салған. Иманды-имансыз кез-келген адам, біліп немесе білмей осы әмір мен тыйымдарға сәйкес әрекет еткен сайын, дүниеде тыныштық және бақытқа толы бір өмір сүреді. Бұл – өзіне пайдалы дәріні біліп-білмей ішкен адамдардың аурудан жазылып кетуіне ұқсайды. Дінсіз адамдардың және дінсіз елдердің көптеген істерінде жетістікке жетіп жатқандарын көрудеміз. Олар өздері білмесе де Құран кәрімнің талаптарына сай еңбек етіп жатқандары үшін жетістікке жетуде. Бірақ, ахыретте де бақытқа қауыша алу үшін Құран кәрімге иман келтіріп, ниет етіп, сәйкес өмір сүру керек.

Бақытқа, табысқа қол жеткізіп, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болғысы келген адам, көздерін ахыретке қаратуы керек. Көзі дүниеде болған адамның бақытты болуы, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуы өте қиын. Өйткені бетін дүниеге бұрған адам өз нәпісін жақсы көргендіктен өзінен басқаны жақсы көре алмайды, өзгемен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды. Себебі, өз нәпісіне ғашық, нәпісінің әр айтқанын бұлжытпай орындайтын, нәпісімен шайтанның соңына түскен адам өзінен басқа ешкімді ойламайды. Мұндай адамдар діни кітаптардан және дін ғұламаларынан пайдалана алмайды. Ал пайдаланатын адам, ешкімге жүк болмайды, керісінше өзгелердің ауыртпашылығына сабыр етеді және барлық адамдармен жақсы мәміледе болады.

(Жалғасы ертең...)