Сұхбат - Дұрыс жол
Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Үмметім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады. Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» дейді. (Тирмизи)
Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл құтылатын топтың "Әһли сүннет" екендігін білдірген. (Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани)
Әһли сүннет болғандар бүгін төрт мазһапта жиналған. Бұл төрт мазһаб Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели мазһабтары. (Тахтауи)
Әһли сүннетттің (яғни төрт мазһабтың) сыртындағыларға әһли бидғат (бидғатшы), адасқан ағымдар делінеді.
Әһли сүннет ғұламалары былай дейді: Аллаһу та'ала исламды дұрыс үйренгісі келген адамға мұны нәсіп ететініне уәде берген. Аллаһ уәдесінен қайтпайды. Сол үшін: "Йа Раббым, саған сенемін, Сені және Пайғамбарларыңды жасқы көремін, ислам ілімдерін дұрыс үйренгім келеді. Мұны маған нәсіп ете гөр, мені қате жолға түсуден сақтай гөр." деп дұға ету керек. Истихара намазын оқу керек. Аллаһу та'ала оған дұрыс жолды көрсетеді. Алдынан сүйікті құлын немесе дұрыс кітабын шығарады немесе басқа да себептермен дұрыс жолға қауыштырады.
Аллаһу та'аланың сөзіне сену керек. Оған сиыну керек. Құран кәрімде былай делінген:
«Дұрыс жолды іздегендерді, бақытқа жеткізетін жолдарға қауыштырамыз.» (Анкәбут 69)
«Аллаһ өзіне бет бұрғандарды дұрыс жолға жеткізеді.» (Шура 13)
«Аллаһ ешқашан уәдесінен қайтпайды» делінген. (Зүмәр 20)
Қазіргі таңда әр түрлі топтарда жүрген адамдардың да осылай дұға етулері керек. Бәлкім қате жолда жүрген шығармын деп ойлап: «Йа Раббым, қай топ дұрыс жолда болса, қай топтан Сен разы болсаң, маған сол жолды нәсіп ет» деп дұға ету керек. Егер жүрген тобы дұрыс жолда болса, бұл дұғаның зияны жоқ. Ал жүрген тобы қате жолда болса, дұрыс жолды тауып құтылады. Дұға етуден тартынбау керек.