Untitled Document

Күннің тарихы - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық дефицитінің синдромы) – иммунитет жүйесінің әлсіреуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Жыныстық қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ағзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын өте қауіпті ауру. Адам ағзасына енген соң қанның лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасушыларға жабысып, ылдыңғы процесті тағы қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруінің салдарынан күндердің-күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға созылуы мүмкін. Айрықша есте сақтайтын жайт, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. СПИД вирусы химиялық немесе физикалақ әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегі медициналақ тәжірибеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т.б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп-оңай жояды. Әдетте ЖИТС ауруымен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуалдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуалдық т.б. жайлар себеп болады.

СПИД ауруына қарсы дәрі және вакцина ойлап табу үшін дүние жүзіндегі бүкіл лабораторияларда жанталасып еңбек етілуде. Бұл аурудың мамандары СПИД ауруына шалдықпау үшін ислам дініндегідей әмірлерді қайта-қайта айтып ескертуде:

♦ Зинаға және жөзекшелікке жақындамаңдар!
♦ Жыныстық азғындықтардан (жаман қатынастардан) ұзақ болыңдар!
♦ Есірткі заттарға және спиртті ішімдіктерге жақындамаңдар!
♦ Жүйелі отбасылық өмір түрін ұстаныңдар!
♦ Тазалыққа, гигиенаға көп мән беріңдер!