Untitled Document

Сұхбат - Құранға мағына беру (2)

Бір пайғамбардың немесе әулие кісінің қабіріне барып: "Маған жәрдем бер!" деген адамға "Сен Аллаһқа серік қостың!" деп айту да, аяттарға өз қысқа ақылымен мағына бергендік болады.

"Мен жыланнан қорқамын" немесе "Мен тышқаннан қорқамын" немесе "Мен Аллаһтан қорықпайтындардан қорқамын" деген адамға «Басқалардан емес, тек менен қорқыңдар!» және «Тек Аллаһтан қорқыңдар!» деген аяти кәриманы оқып, "Сен Аллаһтан басқасынан қорыққаның үшін Аллаһқа серік қостың, кәпір болдың!" деп айтуы да өз көзқарасымен мағына берушілік болады.

«Пайғамбарлар, шәһидтер шапағат етеді» деген адамға «Аллаһтың рұқсатынсыз кім шапағат етуі мүмкін.» деген мағынадағы аяти кәриманы оқып, ол адамға "Аллаһқа серік қостың" деп айтса, өз ақылынша мағына берген болады.

Сүрелерді оқып отырып, ішіндегі сөздердің мағынасын білсе де, "Бұл аятқа Расулуллаһ алейһиссаламның қандай мағына бергенін, ғұламаларымыздың қалай тәфсирлегенін білмеймін" деп айту немесе мағынасын білетін болса "Бұл аяттағы білдірілген мағына – осы" деп айтудың ешқандай зияны жоқ. Бірақ өзінің көзқарасы бойынша аятты ашықтау, оған түсініктеме беру, одан үкім шығару өте зиянды. Өзінің қысқа ақылымен аяттарға мағына беруге тырысу пайғамбарымыз айтқандай күпірлік болады. Дүмшелердің Құран Аудармасы деп жер-көкке сенбей көтеріп жүрген аудармаларын оқу да міне осы тұрғыдан дұрыс емес. Құранның аудармасын оқыған адам Аллаһу та'аланың осы аяти кәримадағы айтпақшы болған мақсатын емес, аударған адамның ақыл және білім деңгейі бойынша берген мағынасын ғана оқыған болады.