Untitled Document

Сұхбат - Құранға мағына беру (1)

Сұрақ: Қажыларға таратылған Құран кәрімнің аyдармасындағы бір хадис шәрифте: «Құранды өз көзқарасымен (өз түсінігі бойынша) тәпсірлеген адам кәпір болады.» делінген. Мен арап тілін жақсы білемін. Құранды оқыған кезде ол жердегі сөздердің, сөйлемдердің кейде қазақшасын түсініп тұрамын. Мына хадис бойынша менің Құран аяттарында өткен сөздерді түсінуімнің зияны бар ма?

Жауап: Зияны жоқ. Бұл хадис шәриф хазреті Имам Раббанидің "Мәктубат" кітабында да өткен. Құран кәрімдегі аяттардың, кәлималардың қазақшасын түсінудің зияны жоқ. Алайда аяттарға өз қысқа ақылымен, шала білімімен мағына берудің, үкім шығарудың өте үлкен зияны бар!

Бұған мысал келтірейік:

"Фатиха" сүресіндегі «Ийәка нәстә'ин» сөзінен қазақша «Тек сенен ғана көмек сұраймыз» деген мағынаны түсінудің ешқандай зияны жоқ. Бірақ бұл аяти кәримаға өз басынша тұжырым жасап, мағына беретін болса зияны болады. Мәселен, бұл аятқа: "Аллаһтан басқасынан бір нәрсе сұрау – ширк, күпірлік" деп мағына берсе, өз ақылымен тәфсирлегені үшін кәпір болады.

Бір адам суға батып бара жатып: "Көмектесіңдер! Батып барам, өлейін деп жатырмын, маған көмектесіңдер!" деп айқайласа, бұл көзқарас бойынша ол адам Аллаһқа серік қосқан болады. "Мына жүгімді арқама қойып алуым үшін көмектесіп жіберші!" деген қарияға "Сен Аллаһтан басқасынан көмек сұрадың, Аллаһқа серік қостың, кәпір болдың!" десе, өз түсінігі бойынша мағына берген болады.

«Йа Расулаллаһ, бізге шапағат ет!» деген мұсылманға "Сен Аллаһтан басқасынан көмек сұрадың, Аллаһқа серік қостың!" десе, аятқа өз көзқарасы бойынша мағына берген болады.

(Жалғасы ертең)