Untitled Document

Күннің тарихы - Абдулхаким Арваси

Абдулхаким Арваси хазрет, захир және батин ғылымдарында кәміл және төрт мазһабтың фиқһ білімдерін жетік меңгерген ұлы Ислам ғалымы еді. Хижра бойынша 1281ж ( м.1865) Башқалада дүниеге келді. 27 қараша 1943 ж Анкарада қайтыс болды. Қабірі Анкараның маңындағы Бағлұм ауданында. Пайғамбар ұрпағы сәйид екендігі Ирактағы Шариғат сот дәптерінде жазулы. Абдулхаким Арваси хазрет, сол кездің білім және ғылым орталығы болған Ирактың бірнеше жерлерінде үлкен ғалымдардан сарф, нахв, луғат, мантық, мүназара, баян, риязия, һандәсә, мәани, бәди, кәлам, тәфсир, хадис, фиқһ, тасаууф сияқты ілімдерді оқып, 1883 ж ижазат (диплом) алып мемлекетіне оралды. Одан кейін Арвас қаласына келіп, өзінің жоғары ғылымын заманының ең үлкен ғалымы болған Сәйид Фаһим Арваси "рахметуллаһи алейһ" хазреттің алдында тамамдады. 19 жасында мутлақ ижазат (ислам ғалымы болғанына және жұртқа уағыз жасауға болатынына қатысты куәлік) алды. Башқалада өз ақшасымен медресе ашып, 29 жыл дәріс оқытты. Бірнеше ғалым және фадыл (данышпан) жетілдірді.
Абдулхаким Арваси хазреттерінің даналық сөздері:

♦ Басымызға келген әрбір қиыншылық пен пәлекеттер, еткен зұлымдықтарымыздың және жеген ақылардың жазасы.
♦ Сахабалардың, әулиелердің өмір хикаяларын тыңдау иманды қуаттандырады, күнәларды жояды.
♦ Ұлылардың сөзі, сөздердің ұлысы.
♦ Ілім сауатсыздықты жояды, ақымақтықты емес.
♦ Адамзат қаншама тер төгіп тырысқанымен жақсы көріп жақсы көрілмейінше қиыншылықтан және пәлекеттен құтыла алмайды.
♦ Таза және жаңа киім киіңдер! Барған жерлеріңде жақсы мінездеріңмен, сөздеріңмен, киімдеріңмен Исламның шырайын және құндылығын көрсетіңдер!
♦ Хақты жақсы көрмейінше, Хақ та'аланы әмір біліп оған құлшылық етпейінше адамдар бір-бірін жақсы көре алмайды.
♦ Қоғамдағы рухани аурулардың себебі иман кемшілігінен туындайды.
♦ Әулиенің сөзінде илаһи әсер бар.
♦ Аллаһу та'алаға сенген адам неден махрұм қалды? Аллаһтан махрұм қалғандар неге қол жеткізді?