Мақала - Әдеп қалған болса
Дүние жүзіне танымал социологтардың бірі швейцариялық Дефатч Уиллидің (Defatsch Willy) бір муфтиятқа барып айтқан сөздері:
«Құранның, Исламның және хазреті Мұхаммедтің ғашығымын. Өмірімнің көп бөлігін Ислам әлемін зерттеумен өткіздім, әлі де зерттеудемін. Еуропадағы барған әр қаламда, шіркеуге барып, христиандықта жасалып жатқан реформаларында Ислам дінінен үлгі алуларына кеңес беремін.
Құран кәрім мәдени ағартушылыққа үндейді. Тәрбие тұрғысында да теңдесі жоқ кітап. Бұл кітапты түсіндіре алатын білімдарлар жетілген күні, әлем Ислам дінін бірден қабылдайды. Өйткені, христиан дінінің мүшелері де өздерін құтқаратын бір сенімнің келуін күтуде. Мына нәрсені де нақтылап айтқым келеді:
Қазіргі уақытта жер бетінде аздаған әдептілік қалған болса, ол да Исламның арқасында сақталып тұр.»
Бұл сөздерді айтқан адам дін дүмшесі емес, қандай да бір «Хизб» өкілдерінен де емес. Христиан дінінен болған бұл адам өте білімді еуропалық. Оны муфтиятқа еркінен тыс ешкім жіберген де жоқ. Уилли саясатшы немесе миссионер де емес. Олай болса, неге Ислам дінін жан-тәнімен шын көңілімен мақтап жатыр?
- Білімдарлығынан, адамгершілігінен...
- Жарайды, Уилли айтқан ақиқаттарды біз айта алмаймыз ба?
- Айта аламыз, айтамыз, бірақ еш әсері болмайды! Өйткені, бізге еуропалықтардың сөзі ерекше әсер етеді. Сосын, бұл сөзді айтатын өзіміздің адамның, кейбіреулердің санасында мұншалықты қадірі болмайды. Одан қалса бұл адам айналадағылардан және ынсапсыз баспалардағы көше қуған баланың қаламынан сынға алынуы мүмкін. Бұлардың барлығы санамызға мынадай ойды түйіндейді: Ислам діні ең үлкен опасыздықты, жамандықты, ең ауыр кінәні, ең қате мәмілені өзінің өкілдерінен, әсіресе өкілі болып көрінетіндерден көруде.