Untitled Document

Денсаулық - Апельсин

Апельсиннің құрамында қант, аскорбин қышқылдары, С, В1, В2, В6, Р,А дәрумендері, көмірсулар және минералды заттар бар. Апельсиннің қабығының құрамында 2% -ға дейін эфир майы болады. Апельсин жемісі аспаздықта, парфюмерияда және медицинада кеңінен қолданылады. Апельсин - адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс. Апельсин шырыны ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады, адамның тәбетін ашады. Апельсин таңдаудың ең тиімді жолы – оны қолмен ұстап көру яғни неғұрлым ауыр болған сайын, соншалықты шырынды әрі дәмді болады. Сондай-ақ, орташа үлкендіктегі жемістер ірілеріне қарағанда тәттірек болады. Қарашаның соңы мен желтоқсанның басында жиналған апельсиндер ең сапалы әрі ұзақ уақытқа жақсы сақталады. Пайдалары:

*Дене температурасын түсіреді.
*Шөлді басады.
*Қан аздыққа пайдалы.
*Ас қорыту жүйесін жақсартады.
*Денеге күш-қуат береді.
*Тез сауығып кетуге көмектеседі.
*Жатар кезде желінсе, ұйқыны келтіреді.
*Семірудің алдын алады. Жүдетуші.
*Тамырдың бітелуін және сал болудың алдын алады.
*Денені зиянды заттардан тазартады.
*Жүйке жүйесін тыныштандырады және шаршағанды кетіреді.
* Иммунитет жүйесін күшейтеді.
*Тұмауға және салқын тигенге жақсы көмектеседі және жөтелді кетіреді.
*Бауыр және өт жолдарының жұмысын жақсартады.
*Теріге әжім түсудің алдын алады. Терінің таза және тегіс болуын қамтамасыз етеді.
*Балаларды аурулардан қорғаушы және дененің дамуын қамтамасыз ететін қажетті элементтерге толы жеміс болып табылады.