Untitled Document

Тарих - Құтайба бин Мүслим хазреттері (1)

Адамзат тарихындағы ең үлкен оқиға, хазреті Мұхаммед алейһиссаламның ислам дінін әкелуі. Кейін сахабалардың және табииннің қызметтері келеді. Одан кейінгі ислам тарихының ең елеулі оқиғасы түркі тайпаларының мұсылман болуы.

Түркістанның (Орта Азияның) Мәуереннахр аймағын жаулап, түріктердің исламды тану мәртебесіне қауышуында ең маңызды еңбек атқарған тұлғалардың бірі – Құтайба бин Мүслим хазреттері. Ұлы ислам ғалымы Абдулхаким Аруаси хазреттері: «Түркістан өлкесінің халқы отқа табынатын халық еді. Әмәуилердің халифалығы дәуірінде Құтайба есімді бір мұсылман батыр ислам дінін сол аймаққа жайды»-деген.

Құтайба бин Мүслим хазреттері жайлы ұлы муфәссир, сондай-ақ ұлы тарихшы Ибн Кәсир де былай деген: «Ұлы әміршілердің бірі болған Құтайба, өте қаһарман қолбасшы болған. Аллаһу та'ала Құтайба бин Мүслим хазреттері арқылы хидаятқа қауыштырған адамдарының көптігі соншалық, олардың саны тек қана Аллаһқа мәлім» -деген.

Құтайба бин Мүслим хазреттері ислам дінінің Түркістан өлкесінде орнығуы және түріктердің мұсылман болуы үшін бар ынта-жігерімен еңбек етіп, көп мешіттер салдырған. Байкент қаласында әсіресе михрабымен танымал болған үлкен жұма мешітін салдырды. Бағалы тастармен әшекейленген бұл көрікті михрабтың басқа мешіттердегі михрабтармен салыстырарлық үлгісі жоқ еді.

(Жалғасы ертең...)