Untitled Document

Ғибрат - Пайғамбарымыздың жүзім жеуі

Бір күні әлемдердің сұлтаны Мұхаммед (алейһиссалам) жүзім жеп отырған еді. Пайғамбарымыздың жүзім жеуі сахабаларының назарына ілігеді. Сүйікті пайғамбарымыз бір бау жүзімді асты жағынан бастап жеп отырған еді. Сахабалар таң қалып: «Йа расулаллаһ, не үшін жүзімді асты жағынан бастап жеп отырсыз»-деп сұрайды. Сонда сүйікті пайғамбарымыз: «Астындағы жүзім даналары майда-майда және дәмсіз екен. Ал үстіңгі жағындағылары өте дәмді әрі ірі-ірі екен. Асты жағынан бастауымның себебі, үсті жағына жетіп барғанша бір досым келіп қалса соған берейін деп, асты жағынан бастадым» деп жауап береді.

Біз үнемі өзімізді ойлайтындар, қазіргі күнде пайғамбарымыздың осындай көркем ахлақына өте мұқтажбыз.

Денсаулық - Сүт және оның тарихы

Тіршілігіміздің айнытпас азығы саналатын сүттің тарихы, адамзат тарихы сияқты өте ескі дәуірлерден бастау алады. Б.з.д. 26-ғасырға тән болған Бабил мәдениетінде сүт және сүт өнімдері жасалғаны анықталған. 1 литр сүт қалыптасуы үшін сүт бездерінен 500 литр қан өтуі керек. Сүттің құрамындағы лейкоцидтердің саны сүттің жақсы немесе жаман екендігін білдіретін негізгі өлшем. Германияда 1 миллилитр сүтте орташа 235 мың, Англияда 420 мың лейкоцид бар.

Сүттің сапасын анықтайтын екінші өлшем, микрожандылардың мөлшері. Дені сау сиырдан сауылған сүт, емшектен шығар кезде микробсыз болса да қоршаған ортаның әсерінен микробтармен араласады. Көптеген елдерде бірінші сапалы сүттің өлшемі 100 мың микроорганизм болып табылады.