Untitled Document

Тарих - Асхаби кирам және табиин

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) қайтыс болуынан соң хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) халифалығы дәуірінде алдымен Иран мемлекеті алынды. Арадан көп ұзамай атақты Қадисия жеңісінен кейін Түркістан аймағының оңтүстігі жаулап алынды. Түріктердің исламды тану мәртебесіне қауышуына пайғамбарымыздың сахабалары мен табииндер себепші болды. Сахабалар мен табииндер исламды жаю үшін үйін, отанын тастап, әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен болатын. Күн шығыс елі Жапониядан бастап Солтүстік Америка құрлықтарына дейін сахабалардың қабірі кездеседі. Әлемнің барлық төңірегінде болғанындай Орталық Азия елдерінде де көптеген сахаба және табииндердің қабірлері бар. Көпшілігі өкінішке орай белгісіз қалған. Мәселен 751 жылғы мәшһүр Талас соғысы өткен аймақта қаншама сахаба мен табииннің қабірі болуы мүмкін. Осындай сахабалардың бірі пайғамбарымыздың көкесі Аббастың ұлы, пайғамбарымызға қатты ұқсаған ұлы сахаба Құсам бин Аббас хазреттері. Құсам бин Аббас хазреттері Самарқандтағы ұрыс кезінде шәйіт болған. Қабірі әлі күнге дейін мұсылмандар тарапынан зиярат етіледі. Халық бұл сахабаны Құран кәрімдегі «Аллаһ жолында өлгендерді өлі санамаңдар!» деген аяти кәриманың үкіміне сүйеніп «Шахи Зинда» яғни «Тірі сұлтан» деп атаған. Ата-бабаларымыздың мұсылман болуы әрбір руды, әрбір тайпаны аралап, тау-сулардан өтіп, еш жалықпай, шаршамай оларға діни білім берген, үйреткен, жанкештілік еткен мұсылман мүжаһидтердің арқасында болған. Сол мүжаһидтердің ең алдыңғы қатарлыларының бірі, Түркістан өлкесін бағындырып, ислам дінінің орнығуы үшін әртүрлі қажыр-қайрат көрсеткен – Құтайба бин Мүслим хазреттері. Алдағы беттердегі мақалада бұл кісі жайлы кеңірек мағлұмат беріледі.