Мақала - Бізге не болды
Намазын тәрк етпеген ата-бабаларымыздың, сериалдарды қалдырмайтын ұрпақтары атандық. Айран, сүттің орнына арақпен сыйласатын болдық. Теледидарда көрсетілетін әртүрлі ұятсыз нәрселерді бала-шағамызбен бірге отырып ұялмай көретін халге келдік. Көшедегі әдепсіздіктерді көргенде: «Мына ұятсыздарға қара!»-деп, үндемей өтіп кете беретіндей күйге түстік. Тілімізбен «Аллаһтан басқа ешкімнен қорқпаймыз дейміз, бірақ негізінде тек Аллаһтан қорқпаймыз, қалған барлық нәрседен қорқамыз.»
Алдымен ата-бабаларымызды бізден айырды, тарихымызды жойды. Кейін ата-бабаларымызды танымайтындай ұрпақ болып жетілдік. Бұл жетпегендей ақырындап мінез-құлқымызды бұзды, иманымызды ұрлады, бұған да үндемедік. Кейін қолымызға теледидар берілді. Теледидардың кесірінен алдымен туыстарымыздан, кейін бір үйде тұратын өз отбасымыздан айрылдық. Осымен бітті ме? Әрине жоқ. Бір үйде тұрып бір-бірімізді көре алмайтын халге келдік. Кімнен нені қорғайтынымызды, не үшін еңбек ететінімізді ұмытып қалдық. Үйлерімізді биік-биік дуалдармен қоршап, болаттан жасалған есіктерді қондырып, үлкен-үлкен кіліттер жасатып, балашағамызды қорғаймыз деп ойладық. Бірақ негізгі қажет болған ахлақ және руханиятымызды жоғалтып алудан қорғай алмадық. Қолына ақша беріп, ешнәрсесі кем болмаса адам болады, деп ойладық. Барлық нәрсесі болғанымен жан тыныштығы, махаббаты қалмаған ұрпақ болып жетілдік.
Біздер мінез-құлықтарымызды, иманымызды, мәдениетімізді жаппай саттық. Әр үйге бір компьютер алып, баламызды өз хәліне тастадық. Бұдан былай аналар үйде әртүрлі сериалдармен, балалар компьютер ойындарымен, ал әкелер футбол матчтарымен уақыттарын өткізіп, өз-өздерін жұбатуда.
Айналамыз не ислам ғалымын танымайтын, не ұстаз танымайтын, оқыған 2-3 аяти кәрима немесе хадис шәрифтерімен ғалым атанып жүрген дүмшелермен толды. Айтаберсек әрине көп, бірақ негізгі тақырып мынау: «Бізге не болды?..»