Сұхбат - Арлы (пәк) адамның жары да арлы болады
Хадис шәрифте былай делінген: «Ұяттылық, ар-намыстылық, тілге ие болу және ақыл – иманнан. Мұндай адамдардың ахирет қалауы көбейіп, дүние қалауы азаяды. Сараңдық, әдепсіздік, арсыздық – ұятсыздық пен екі жүзділіктен туындайды. Бұларда дүние қалауы көбейіп, ахирет қалауы азаяды.» (Бәйһақи)
Ер адамдар ар-намыссыз, (жүргіш) болса, жақындары да жаман жолға түсуі мүмкін. Пайғамбарымыз «Сендер арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады» деген. (Табарани)
Хазреті Ибн Нәжжар білдірген «Зина еткен адам, дәл сол нәрсеге тап болады» деген мағынадағы хадис шәриф, ар-намыссыз болған адамның жақындары да ар-намыссыз болуы мүмкін екендігін көрсетуде. Арын сақтауға тырысқан адам дегеніне жетеді. «Арлы болуды қалаған адамды Аллаһу та'ала арлы етеді» деген хадис шәриф осыған дәлел. (Хаким)
Ар-намысты адам, жанұясының да арлы, пәк болуын қалайды. Оларды жамандықтардан сақтайды. Өзі жаман болса, бір күні бала-шағасы да Аллаһ сақтасын жаман жолға түсуі мүмкін. Бала-шағасының арсыз болуын қай ата-ана қалауы мүмкін?
Балаларға жақсы үлгі болу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Арлы болсаңдар, әйелдеріңде арлы болады. Ата-аналарыңа ихсан етсеңдер (жақсы қарасаңдар), балаларың да сендерге ихсан етеді!» (Табарани)
«Жамандықтан сақтану үшін, некелі өмір сүру және ар-намысты болу керек.» (Ибн Асакир)
Дін үкімдеріне қайшы істер, яғни күнәлар, дүниеде адам үшін масқара. Ал ахиретте азабы өте ауыр. "Мен өлмеймін" немесе "Тозақтың оты маған зиян келтірмейді" деген бар болса, қалаған жамандықтарын жасасын! Хадис шәрифте былай делінген: «Дүние үшін дүниеде қалатыныңдай еңбек ет! Ахирет үшін ол жақта мәңгі қалатыныңдай еңбек ет! Аллаһу та'алаға мұқтаж болғанындай мойынсұн! Тозаққа шыдай алатыныңдай күнә жаса!» (Әйухәл уәләд илмихалы)