Сұхбат - Адамның түрлері
Иман жағынан адамдар екіге бөлінеді:
Хадис шәрифте: «Адамдар мүмин және кәпір болып екіге бөлінеді» делінген. (Табарани)
1) Мүминдер: Мұсылман болғандар
2) Кәпірлер: Мұсылман болмағандар
Мүминдер де екіге бөлінеді:
1) Әһли Сүннет болғандар.
2) Бидғатшылар (әһли бидғат): Әһли сүннет болмағандар.
Иман (сенім) жөнінен адамдардың түрлерін білдіретін бір хадис шәрифте былай делінген:
«Аллаһу та'ала адамдарды үш түрлі етіп жаратты:
1) Жануарлар сияқты болғандар. Аллаһу та'аланың: "Олардың жүректері бар, бірақ түсінбейді; көздері бар бірақ көрмейді; құлақтары бар естімейді. Міне осылар жануарлар сияқты, тіпті жануарлардан да төмен." деп айтқан адамдары.
2) Денелері адам денесі болса да, рухтары шайтан рухы секілді болғандар.
3) Аллаһтың қамқорлығынан басқа қамқорлық болмаған күні, Оның қамқорлығына сиынған мүминдер.» (Хаким)
Хазреті Имам Ғазали былай дейді:
Қарым қатынас жасауда адамдар үшке бөлінеді:
1) Азық секілді болғандар: Мұндай адамдар әрдайым қажет.
2) Дәрі-дәрмек секілділер: Мұндайлар кейде керек болады.
3) Ауру секілді болғандар: Бұлардың керегі болмаса да, өздері келіп мазаны алады. Бұлардан құтылу үшін олармен жақсы мәміле жасап, дұшпан қылып алмау керек.
Хазреті Имам Ғазали адамдарды ахлақ жөнінен де үшке бөледі:
1) Тек ішіп-жеу және ләззат алудан басқа ешнәрсе білмейтіндер.
2) Қулық және екіжүзділік жасап, айналасындағыларды алдайтындар және айналасындағыларға зұлымдық жасайтындар.
3) Үлгілі, көркем мінезді болған шынайы мұсылмандар.
Білім жөнінен де адамдар төртке бөлінеді:
1) Білімі бар екенін білетіндер (жақсы адамдар).
2) Білімі бар екенін білмейтіндер (ескертіп тұруды талап ететіндер).
3) Ешнәрсе білмейтінін мойындайтындар (өзінің орнын білетіндер).
4) Ешнәрсе білмейтінін мойындамайтындар (зиянды адамдар).