Untitled Document

Сұхбат - Дос қандай болу керек

Кез-келген адаммен достық құру дұрыс емес, қауіпті. Сондықтан дос таңдауда абай болу керек. Дос болатын адамда мына үш қасиет міндетті түрде болу керек:

Ақылды болу керек. Өйткені, ақылсыз адамдардан пайда емес, зиян келеді. Сондықтан ақылсыз адамнан алыс тұру керек. Олар жақсылық жасаймын деп, жамандық жасауы мүмкін. Ақылсыз адам істің ақиқатын білмейтін, түсіндірсе де түсінбейтін адам болып табылады.

Мінезі жақсы болу керек. Адамға жамандықтың жұғуы жақсылықтың жұғуынан тез. Жаман мінезді адамның түзелуі өте қиын. Бірақ, жақсы мінезді адамды бұзу өте оңай. Жаман мінез жұқпалы ауру сияқты. Тіпті, жұғуы кетуінен де оңай.

Дұрыс адам болу керек. Күнәһар адамдар Аллаһтан қорықпайды. Қорқатын болса, күнә істеуін жалғастырмас еді. Аллаһтан қорықпайтын адамға сенуге болмайды. Аллаһу та'ала «Аллаһты есіне алмайтын, нәпсілеріне бағынатын адамдарға бағынбаңдар» деп бұйырады.

Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды.

Ең соңғы болып 28 маусым 2006 ж Чернагорияның да мүше болуымен БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 жетті.

БҰҰ-на әр түрлі дәрежелі елдер мүше. 1 300 000 000 астам халқы бар (Қытай) елдермен қоса орта есепті ауыл көлеміндей де мемлекеттер де бар.

Жер көлемі 17 000 000 км2 болған (Ресей) мемлекеттермен жер көлемі 2 км2 құрайтын (Монако) елдер де бар.