Тарих - Талас шайқасы (2)
Талас шайқасының жеңіспен аяқталуы түрік, қытай, ислам және әлем мәдениетінде өте маңызды әсерлер қалдырды. Қытайлар Талас соғысында жеңіліске ұшырағаннан соң ХХ ғасырға дейін Тянь-Шянь тауының батысына өте алмады. Осылайша түркі елдері Қытай қауіпінен құтылды.
Қарлұқтар Талас шайқасынан 15 жылдан кейін 766 жылы Тянь-Шянь тауының батысында және Шу өзенінің жағасында тәуелсіз мемлекет құрды. Түркі халықтары мен мұсылман арабтар арасында еркін сауда және достық қарым-қатынастар басталды. Түріктер мұсылман арабтармен танысып, ислам дінін жақыннан тану мүмкіндігіне қауышты. Ислам дінінің үстемдіктері, мұсылмандардың көркем мінезі, адалдық, ахлақ ұстанымдарынан әсерленген түркілер Исламды көңіл разылығымен қабылдауына себеп болды. Осылайша ХХ ғасырдың басына дейін түркі халықтары жаппай ислам мәдениеті шеңберіне енді.
Түріктер арабтарға қағаз жасауды үйретті. Самарқандтағы цехтарда жібектен жасалған қағаздар Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіне таралды. Мұсылман арабтар қол астындағы аймақтардан үйренген қағазды өндіріп, мәдениеттің бүкіл әлемге қарқынды түрде таралуына қызмет етті.
Түріктер ислам дінін қабылдағаннан соң ислам дінін бүкіл мал-мүліктерімен, жан-тәнімен қолдап, қамқор болып, өздерін бұл ұлы дінге арнады. Тіпті бұл аманатты арабтардан алып, «Илаи кәлиматуллаһ» байрағын әлемнің басқа елдерінде желбіретті. Орталық Азия өлкесі әлемнің ең үлкен ислам мемлекеттері халіне келді. Мыңдаған ғалым, әулие және мемлекет қайраткерлері жетіліп, жүз мыңдаған кітаптар жазылды.
Түркі халықтары әлемнің төрт бұрышына исламды жайды. Түркістан (Орталық Азия) өлкесіндегі түріктердің мұсылман болуы әрине сахабалармен табииндердің ерен еңбегі арқылы жүзеге асты.