Тарих - Талас шайқасы (1)
Талас шайқасы – алғашқы одақтас түрік және ислам әскерлері мен қытай әскерлері арасында болып өткен соғыс. Ислам дінін әлі қабылдамаған түркі халықтары Орта Азияға ислам дінін алып келген арабтармен бірігіп, Қытайларға қарсы соғысқан. Бұл Талас соғысы, себебі мен нәтижесі тұрғысынан өте жоғары маңызға ие болды.
Түрік қағанатын құлатқан Қытайдағы Таң әулеті (618-906) дәуіріндегі Хиванг-Чжанг (713-755), түрік хандықтарының қол астындағы Ташкент (Шаш) қаласын алуды жоспарлайды. Осы мақсатпен Ташкентке жорыққа аттанған Гао Сянь-чжи арадан көп ұзамай Ташкенттің билеушісі Бахадур ханды тұтқынға алып, Қытай императорына жібереді.
Бахадур хан өлтірілгеннен кейін ұлы Туен, қарлұқтардан бастап сол аймақтағы бүкіл түркі тайпаларын Қытайға қарсы соғысқа шақырады. Бірақ Көктүрік мемлекетінің құлдырауынан соң бастары біріге алмаған түріктер, Қытайға қарсы соғыса алмайтындарына көздері жеткендіктен Аббасилерден көмек сұрайды. Зияд бин Салих басшылығында келген ислам әскерлері түріктермен бірігеді. Бұдан хабар алған Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сянь-чжи 100 мың әскермен Талас қаласына келіп, одақтас түрік және араб әскерлерімен соғысады. 751 жылдың шілде айында басталған соғыс бес күн жалғасады. Соғыстың соңғы күнінде Қытай әскеріне арттан келген қарлұқтар ауыр соққы береді. Гао Сянь-чжи аз қалған әскерімен өлімнен әрең аман қалады. Соғыс нәтижесінде Қытайлардың елу мың әскері өліп, жиырма мың әскері тұтқынға алынады.