Untitled Document

Ғибрат - Хазірет Сұлтанның кемелдігі

Мәрв қаласында Мәруәзи атты ғұлама кісі болады. Хазреті Ахмет Яссауи турасында жаман өсек сөздер естиді. Бұл жалған өсектерге алданып, оны сынау үшін, жанына төрт жүз көмекші және қырық муфтилерді алып жолға шығады. Ол Яссауидің барлық жақта шәкірттері бар екенін және уағыз дәрістеріне мыңдаған адам қатысатынын естіген еді. "Мен үш мың мәселе жаттадым. Бәріне бөлек-бөлек сұрақ қойып оларды сынап көрейін" деп ойлайды. Хазреті Ахмет Яссауи Аллаһу та'аланың білдіруімен Мәруәзидің келетінін және көздеген мақсатын түсінеді және шәкірттерін хабардар етеді.

Шәкірті Мұхаммед Данишманға "Келе жатқандар кім?" деп сұрағанында адамдарымен Мәруәзидің келе жатқанын айтады. Яссауи хазретінің әмірімен Мұхаммед Данишман үш мың мәселенің мыңын Мәруәзидің есінен (ақылынан) өшіріп тастайды. Кейін шәкірті Сулейман Хаким Атаға да осылай әмір етеді. Ол да мың мәселені өшіреді. Мәруазидің есінде мың мәселе ғана қалып Яссыға кіріп келеді. Хазреті Қожа Ахметтің жанына келіп "Аллаһу та'аланың құлдарын дұрыс жолдан тайдырған сенбісің?" дейді. Хазреті сұлтан еш ашуланбай: "Қазірге үш күн қонағымыз бол! Одан кейін сөйлесейік" дейді. Үш күн өткен соң күрси қойылып, Мәруәзи күрсиге шығады. Сол кезде Яссауи шәкірті Сулейман Хаким Атаға қалған мың мәселені өшіруін бұйырады. Хаким Ата Аллаһу та'аланың рұқсатымен ұстазының әмірін орындайды. Мәруәзи күрсиде бірнәрсе айтпақшы болады, бірақ есінде еш нәрсе қалмағанын аңғарады. Қасында алып келген дәптер-кітаптарын ашып оқымақшы болғанда, онда да барлық нәрсенің өшкенін көреді. Жазулардың жоғалып, беттері тап-таза кітаптардың арасында қалған Мәруәзи қатесін түсініп сол жерде тәубе етеді. Қасында алып келген бүкіл адамдарымен Яссыда бес жыл қалып, хазреті Сұлтаннан дәріс алады. Үлкен мәртебелерге, дәрежелерге қауышады. Хазреті Ахмет Яссауи мұны қасына бес адам қосып адамдарға Аллаһу та'аланың дінін дұрыс түсіндіру міндетімен Хорасанға жібереді. Олар Хорасан еліне барып халыққа дұрыс жолды уағыздады.