Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Шығынсыз олжа

Күлімдеу – адам баласына келтіретін ешқандай материалдық шығыны және физикалық қиындығы жоқ дүние. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі. Күлімдеу – ішкі дүниеміздің сыртқа көрініс беруі. Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. Күлімдеу - оны берген адамды шығынға ұшыратпайтын, алған адамды да байытатын ерекше күшке ие. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Ешкім күлімдемейтіндей және күлімдеуге мұқтаж болмайтындай дәрежеде бай емес. Күлімдеу үйде бақыт, жұмыста табыс әкеледі. Күлімдеу – өзара құрметтің, сүйіспеншіліктің, адам болудың кілті. Ол шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен өмір сыйлайды. Ол сатылмайды, өтінішпен, сұраныспен немесе азаппен келмейді. Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.

Күлімдеу өздігінен болмайынша ешкімге пайдасы тимейді. Кейбір адамдар қатты шаршағандықтан күлімдей алмайды. Олай болса оларға сіз күлімдеңіз. Күлімсіреген жүзге ең көп күлімдей алмайтындар мұқтаж. Дінімізде күлімдеу садақа болып саналатыны естен шықпауы тиіс.

Күлімдейік - Чемпион

Бір жас жігіт көл жағасына барып шомылмақ болады. Көлге түсер алдын киімдері ұрланбауы үшін қағазға «Бұл киімдер ауыр салмақтағы кәсіптік бокс чемпионының киімдері» деп жазып киімдерінің үстіне қойып кетеді. Біраз уақыт жүзіп қайтып келсе, киімдерінің ұрланғанын көреді. Киімдерінің орнындағы қағазда: «Бұл киімдерді ұрлаған адам жеңіл атлетика, яғни марафон жарысының чемпионы» деген мәтіндер жазылған болады.