Ғибрат - Құдықтың иесі
Пайғамбарымыздың қайтыс болуынан он күннен кейін жүзін бүркеп алған бір кісі келіп, сәлем беріп:
Араларыңда Расулуллаһқа жақын болған адам кім?»- деп сұрайды. Хазреті Әбу Бәкір хазреті Әлиді көрсетеді. Хазреті Әли: «Айта бер Мадар, ей құдықтың иесі!»- дейді. Мадар: «Менің есімімді және құдықтың иесі екенімді қайдан білдің?-дейді. Хазреті Әли: «Расулуллаһ хабар берді. Сен араби ауылынансың. Атың Мадар, әкеңнің аты Дарим, 360 жастасың. Сен 100 жасар кезіңде: "Бір пайғамбар шығады. Жүзі күннен де нұрлы, сөзі шекерден де тәтті, иісі мисктен де әдемі. Ол жетімдер мен міскіндердің әкесі. Адам өлтіруден және пайыз алып, беруден қайтарады. Ол пайғамбарлардың ең соңғысы. Үмметі 5 уақыт намаз оқиды, Рамазан айында ораза ұстайды. Бәйтуллаһта қажылық жасайды. Ей қауымым, мен Оған иман еттім" дегенсің. Сен осыны айтқаннан кейін адамдар сені соққыға жығып құдыққа тастап жіберді. Осы кезге дейін сен сонда тұтқында едің. Расулуллаһ ахиретке көшкеннен кейін, Аллаһу та'ала сел жіберіп, қауымыңды жойып жіберді. Кейін Аллаһу та'ала саған: «Ей Мадар! Пайғамбар қайтыс болды. Барып қабірін зиярат ет!» деп бұйырды. Сен күні-түні жол жүріп келдің,- дейді. Мадар: «Бұлардың бәрін саған кім айтты?» деп сұрайды. Хазреті Әли: «Маған расулуллаһ хабар беріп: «Мадар, мен қайтыс болғаннан кейін келеді, оған менің сәлемімді айт!» деді. Мадар мұны естіп қатты қуанады. Хазреті Әли оған жүзін көрсетуін өтінеді. Мадар жүзін ашқанда мешіттің іші нұрға толады. Мадар: «Йа Әли! Мені расулуллаһтың мүбәрак қабіріне алып бар!»-дейді. Хазреті Әли оны пайғамбарымыздың қабіріне алып келеді. Мадар қабірдің жанына барып, кеудесін қабірге сүйеп, жүзін сүреді. Кейін біраздан кейін жан тапсырады.