Сұхбат - Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар (1)
Ислам дінінде қиын, ауыр келетіндей ешнәрсе жоқ. Аллаһу та'ала құлдарына орындалуы қиын нәрселерді әмір еткен емес. Өйткені адам әлсіз жаратылған. Пайғамбарымыз онсыз да «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!» деп бұйырған.
Алайда бұл хадис шәрифті әһли сүннет ғалымдары: «Рұқсат болмаса да, ыңғайыңа, оңайына келгеннің бәрін жасай бер деген сөз емес. Бір мәселе бойынша түрлі ижтиһадтар бар болса немесе мубах болған бір нәрсені орындауда түрлі жолдары бар болса, бұлардың арасынан оңайын таңда, Исламның рұқсат берген жеңілдіктерінен пайдалан» деп түсініктеме берген.
Онсыз да дінді қиындатпаңдар дегені, ойыңа келгенін жаса, дінді қалағаныңша өзгерт деген сөз емес. Исламның рұқсат берген, жаиз болған жеңілдіктерден қолданыңдар дегенді білдіреді. Мәселен ауру себебінен немесе күн суық болғандықтан аяқтарды жуу қиын болған жағдайда, дәрет алған соң аяққа мәсі киіп, келесі дәретте аяқты жумастан мәсінің үстінен мәсһ тартуға болады. Өйткені дініміз бұған рұқсат берген. Бірақ оңай болсын деп аяқтарды жумастан мәсіні киюге болмайды. Немесе мазһабсыздар секілді жалаң аяқтың бетіне және қарапайым (жұқа) нәскидің бетіне мәсһ тартуға болмайды. Өйткені дініміз мұндай жеңілдікке рұқсат берген емес.
Дін ғалымдарының сөздеріне құлақ аспау, фиқһ кітаптарында көрсетілген жеңілдіктердің сыртына шығу жаиз емес. Исламды өз ақылына, өз көзқарасына сәйкестендіргісі, өзгерткісі келетіндерге "дін реформисті", "бидғатшы" делінеді.
(Жалғасы ертең...)