Сұхбат - Ұстазсыз болмайды
Егер адамның тәрбиелеушісі болмаса, ол адам тәрбиенің не екенін білмей өседі. Мал да қолға үйретілмейтін болса, үй жануары болудан қалады. Адам өздігінен жақсы мінезді бола алмайды. Жақсы мінездің не екенін білмейтін адам қалай жақсы мінезді болмақ?! Мәселен араптар жабайылық ішінде өмір сүрген еді. Бұл жабайылық ішінде өмір сүріп келген адамдарға пайғамбарымыз келді. Оларға жақсы мінездің не екендігін түсіндірді. Сол адамдар кейін дүниедегі ең үстем адамдарға айналды.
Қазір біз біреуді өзімізге үлгі деп алмасақ мінезімізді қалай өзгерте аламыз? "Мен осындаймын" деп айту дұрыс болмайды, өйткені Раббымыздың разылығы олай емес. Сондықтан да пайғамбарымыз "Мен көркем мінездерді түсіндіру үшін, жақсы мінезді толықтыру үшін жіберілдім." деп айтқан.
Жақсы мінез дегеніміз ашуланбау, ешкімді ренжітпеу, адамдарды қуанту, бақытты ету деген сөз. Пайғамбарымыз былай дейді:
«Тозаққа кіруі харам болған және тозақ отының оны жағуы харам болған адамды білдіремін. Мұқият тыңдаңдар! Ол – адамдарға жеңілдік, жұмсақтық мәміле танытатын адам.»
«Ант етемін, ешкіммен сөз таластырмаған, өзініңкі дұрыс бола тұра ешкімді ренжітпеген, қалжыңдау немесе жанындағыларды күлдіру үшін өтірік айтпаған, жақсы мінезді болған мұсылман жаннатқа кіреді.»
Сондықтан жақсы мінезді адам аз ғибадат етсе де көп сауап алады. Адамдарды ренжітіп, оларға ашуын төгетін адамдар көп ғибадат етсе де қиыншылығын көреді. Пайғамбарымызға біреу келіп: «Бір әйел бар, өзі таңға дейін ғибадат етеді, кешке дейін ораза тұтады, бірақ көршілерінің бәрімен күнде жанжалдаса беріп, жанына тиеді» дейді. Сонда Пайғамбарымыз «Оның орны жаһаннам» деп бұйырады. Тағы бір хадис шәрифте былай делінеді: «Бір мұсылманды ренжіту, көңілін қалдыру Қағбаны 70 рет құлатудан да үлкен күнә.»
Хазреті Имам Раббани былай дейді:
«Қалб (жүрек) Аллаһу та'аланың көршісі. Егер көрші ренжісе оның иесі де ренжиді. Сондықтан мұсылман болсын, кәпір болсын, күнәһар болсын, әулие болсын ешкімді ренжітпеуге, көңілін қалдырмауға аса мән беру керек.»
Ешкімге жақсылық жасауға мәжбүр емеспіз, қаласақ жасаймыз, қаламасақ жасамаймыз. Бірақ ешкімге жамандық жасамауға мәжбүрміз. "Не үшін жақсылық жасамадың" деп сұралмайды, бірақ "не үшін жамандық жасадың" деп есебі сұралады.