Untitled Document

Ғибрат - Дүние мүлкі

Бір ғалым ағаштың астында отырып, бірнеше шәкіртіне дүние-мүліктің Аллаһқа деген махаббатты ұмыттырмауы керек екенін түсіндіріп отырып:

– Дүние мүлік көлеңкеге ұқсайды, қуаласаң қашады, қашсаң қуалайды,- дейді. Дәл осы сәтте бір кедей бала келіп, ғалымнан көмек сұрайды. Ғалым:
– Үстімдегі (иығымдағы) шапанымды ал! - дейді. Әлгі бала шапанын алып, базарға апарып, арзан бағаға сатып жібереді. Арадан біршама уақыт өткеннен кейін бір кісі келіп, қолындағы қоржынын ашып:
– Қабыл етсеңіз мұны сізге сыйға алып келдім,- дейді. Ғалым:
– Иығыма іле сал!- дейді.
Оның алып келген сыйлығы, жарты сағат бұрын баланың алып кеткен шапаны еді. Ғалым:
– Міне дүние деген осындай. Бірі алып кетсе, екіншісі алып келеді,- дейді.

Денсаулық - Алма

Соңғы жылдарда жасалған зерттеулерден күніне екі, үш дана алма жеу немесе екі стакан алма шырынын ішу алцгеймер, паркинсон ауруларының күшеюінің алдын алатыны анықталды. Әсіресе астма және көптеген адамдарда кезігетін аллергиялық әсерлерге қарсы жақсы әсер етеді. Күніне бір алма жеу қатерлі ісік қауіпін де азайтады. Тоқ ішек қатерлі ісігіне 20 пайыз, көкірек қатерлі ісігіне 18 пайыз, аналық без қатерлі ісігіне 15 пайыз және простатит қатерлі ісігіне 9 пайызға алдын алу тұрғысынан әсер ететіні анықталды. Алма жаман холестериннің мөлшерін азайтып, жақсы холестеринді арттырады. Жүрек талма қауіпі 40 пайызға азаяды. Қант диабетін 28 пайыз мөлшерінде, радиацияны 62 пайыз мөлшерінде азайтатыны зерттеулер нәтижесінде мәлімденді.