Тарих - Христиан тарихшысының қаламынан
Француз тарихшысы М. А. Убужуни ХVIII ғасырда Османлы мемлекетін кезіп, мұсылмандардың қажылық ғибадатын зерттегеннен кейін өзінің дінімен салыстырып, өз әсерлерін жазып қалдырған. Убужуни исламдағы әділеттілік, адамдардың тең дәрежелі болуына қатысты таңданысын былай баяндайды:
«Қажылық – бүкіл дүние жүзіндегі мұсылмандардың басын қосу ғана емес, сонымен қатар бұл ғибадатты орындап жатқан мұсылмандардың бір-бірімен тең дәрежеде екендігін ескертеді. Біз христиандар осындай теңдік мысалын, осындай үстем ахлақи тепе-теңдікті көрсете аламызба? Шіркеулер былай тұрсын, мазарларымызда да мұндай теңдіктің бірде-бір нышаны жоқ. Ал мешітке кірсеңіз ол жерде Аллаһтың ұлылығына жараспайтын, қажетсіз әшекейлер, суреттер, мүсіндерді көрмейсіз. Ол жерде дуалдарының бетіне жазылған кейбір Құран аяттары, бір михрап, мінбе және мүминдер үшін тап-таза кілемдер бар. Жоғары таптарға арналған ерекше орындық немесе ерекше жер көре алмайсыздар, барлық жері бірдей, ешқандай таптық айырмашылық жоқ. Мұсылмандардың мешіттеріне тек ғибадат жасайтын адамдар кіреді және ғибадат жасауға кедергі болатын немесе ғибадат ететіндерді мазалайтын ешнәрсе көрмейсіз.»
Зекертік жұмбағы - Айналдырылған сан
Қағаз бетіне 2 таңбалы сан жазылған. Қағазды 180 градусқа айналдырған кезде болса бұл сан, алғашқы саннан 21 есе үлкен болады. Алғашқы санды таба аласыздар ма?
(Жауабы ертең...)