Ғибрат - Сүннет ақшасы (2)
Орнынан тұра бергенінде мешіттің азаншысы: «Аллаһ мұсылмандығыңды қабыл етсін. Хақ дінді таңдадың. Сүннеттігіңді де алдың. Бірақ енді бұдан былай мына басыңдағыңмен намазға келме. Басыңа тақия немесе сәлде ки!»- дейді. Әлгі кісі түсінбей, бас киімін алып қараса, басында шіркеу попының бас киімі екен. Сөйтсе намазға асығып жүгіріп келе жатып соқтығысқан адамы поп болып, жерге түскен екеуінің бас киімдері ауысып кеткен екен. Ал мешіттен шыққан жамағат оның баскиіміне қарап, поптың мұсылман болғанын ойлайды. Сол дәуірде енді мұсылман болғандарға ынталандыру мақсатында алтын беріледі екен. Бұған «Сүннет ақшасы» делінген екен.
Жануарлар әлемі - Балықтардың көздері
Балықтардың көз құрылыстары өмір сүретін ортамына сай ерекшелікте болады. Таза суларда өмір сүретін балықтардың көздері жақсы көреді және түстерді жақсы ажырата алады. Судың терең жерлерінде өмір сүретін балықтардың көздері үлкен болады, одан да терең жерлерде телескоп көзді балықтар да кездеседі. Балықтардың көздері екеу болады, бірақ көз жасы мен көз қабақтары болмайды. Кейбір ұрғашы сазандардың көздері көлденеңінен екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі ауада, астындағы бөлігі суда көруге арналған. Мұндай балықтарды «төрт көзді» деп атайды.
Кариб аралдарында және тропикалық суларда төрт көзді көбелек балықтарының құйрығына жақын жерінде көз нақышы суреттелген. Үлкен балықтар шабуыл жасаған кезде құйрығын басы деп ойлап, тек құйрығына ғана зақым келтіреді.