Untitled Document

Денсаулық - Құлпынай

Құлпынай – дәрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дәрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Біршама пайдалары:

ü Дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
ü Тамыр бітелуінің алдын алады және холестерин түсіреді.
ü Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды.
ü Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
ü Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
ü Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.
ü Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
ü Ішек құрттарын кетіреді.
ü Қанды тазартады, денеден улы заттарды шығарады.
ü Тіс еттерін қуаттандырады, ауыз иісін кетіреді.
ü Тынышталдырады, күйзелісті азайтады.
ü Қан қысымын түсіреді, дене қызуын басады.
ü Ревматизм, бүйрек ауруларына пайдалы.

Құлпынайды қалай таңдауға болады?

ü Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дәруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.
ü Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа және ұсақ жидектерінде дәрумендер көбірек болады.
ü Құлпынайдың беткі қабатында түрлі дақтар болмауы керек. Бұл құлпынайды өсіргенде химиялық заттар қолданғандығын көрсетеді.
ü Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, әрқайсысының өзіндік дәмі мен ерекшеліктері болады.
ü Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің "химия" көмегімен өскендігі белгілі болады.
ü Оның дәмін татып көруден қорықпау керек. "Металлдық дәм" құрамындағы нитраттың көптігін білдіреді.