Untitled Document

Сұхбат - Кәпірлердің күшігі

Әһли хикмет ғалымдар: «Бидғатшылар дүниеде кәпірлердің күшігі болатынындай, ахиретте де кәпірлердің күшігі болады» деген. Яғни ахиретте кәпірлердің жанында азап тартады. Мұның мысалын заманымыздағы бидғатшылардан көруге болады. Біршама елдерде Хизбуд-тахрир деген бидғатшылар белең алды. Брошюралар арқылы қателікке толы пікірлерін жайып, халықты көтеріліске, бүлік шығаруға үндеп, мұсылмандарды жаман атты қылды. Осының салдарынан діни кітаптардың таралымына тыйым салынуына немесе қиындауына, мұсылмандардың қысым көруіне себепкер болды. Уаххабилер, Сәләфилер деп аталатын бидғатшы топтар да әр жерде жарылыстар шығарып, адам өлтіріп, бүлік шығаруда. Мұның кесірі де тікелей мұсылмандарға тиюде. Ал өзге дін өкілдерінің, немесе солардың жетегінде жүрген ақпарат құралдары осыларды желеу етіп, «міне мұсылмандар, міне терор» деген ұрандармен жар салып, дінімізді қаралауда. Бидғатшылардың кімге қызмет етіп жатқанын, бұлардың кімнің күшігі екенін осыдан да аңғаруға болады.

Ислам дінінде жамандықтар және зиянды әрекеттер жоқ. Бірақ Ислам дінін жеке пайдасын, саясатын, жаман идеологияларын іске асыруда құрал қылғысы келетін мұнафықтар (екі жүзділер) және осындай адасқан ағымдардың пропогандасын жасап жүргендер бар. Аллаһу та'ала мұндай мұнафықтар мен адасқандардан сақтасын. Шынайы мұсылман - дінінің, отанының өрлеуін және халқының пайдасын ойлайтын адам. Мұсылман елінің дамуы үшін материалдық және рухани тұрғыдан күш-қуат көзіне айналуы керек. Дүниелік ғылымдарды жетік меңгеріп, дін ілімдерін дұрыс дерек көздерден үйренуі керек. Исламның көркем мінезімен безенуі, ешкімге зиян тигізбеуі керек. Фитна (бүлік) шығармау керек. Дініміз осындай болуды әмір етеді.