Untitled Document

Ғибрат - Хазреті Әли

Хазреті Әли бір христианның үйіне қонаққа барады. Әлгі христиан келген қонағына әуелі жүзім ұсынады. Хазреті Әли жүзімді жейді. Сәлден кейін жүзімнен жасалған шарап алып келеді. Хазреті Әли шарапты ішпей, оның харам екенін айтады. Христиан: «Мен мұсылмандарға таң қаламын. Жүзімге халал, ал шарапқа харам дейсіңдер. Ал негізінде шарап жүзімнен жасалады емес пе?»-дейді. Сонда хазреті Әли: «Әйелің бар ма?»- деп сұрайды. Христиан: «Иә, бар»- дейді. Хазреті Әли: «Қызың бар ма?»- деп сұрайды. Ол: «Бар»-дейді. Хазреті Әлі: «Екеуі де келсін»-дейді. Әйелі мен қызы келген соң хазреті Әли былай дейді: «Бұл қыз мына анадан шыққан. Бірақ Аллаһу та'ала саған анасын халал, ал қызын харам қылған»- деп жауап береді. Әлгі христиан хазреті Әлидің жауабына таң қалып: «Аллаһ бір және Мұхаммед (алейһиссалам) Оның елшісі және Сен Оның халифасы екеніңе куәлік етемін»- деп қолынан сүйіп, мұсылман болады.

Кешегі жауап

Бір стакан судың бетіне өте жұқа қағазды қойып, оның үстіне құрғақ инені қоямыз. Иненің астындағы қағазды басқа инемен басып, судың түбіне батырамыз. Ал ине суға батпай, сол күйде судың бетінде қалады.

Иненің суға батпауының себебі, қолымыздан бөлінетін маймен ысқылануында. Инені майға батырып, суға салатын болсаңдар мүлдем батпайды. Ол кезде астына қағаз қоюдың да қажеті қалмайды. Ине суланбайынша судың беттік керілісі және кері итеруші күші инені су бетінде ұстап тұрады. Осы әдіс бойынша стакандағы су, 2 мм-ден жіңішке түйме, тіпті металды да бетінде ұстап тұра алады.