Сұхбат - Мұсылманның міндеттері
Мұсылманның үш түрлі міндеті бар:
1) Жеке міндеті: Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен жақсы ахлақты (мінез-құлықты) үйренуі, халал азық табу үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.
2) Жанұя ішіндегі міндеті: Жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының, бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – жанұя ішіндегі міндеттері.
3) Қоғамдағы міндеті: Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы міндеттері.
Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.
Құбыла бағыты қалай табылады?
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікте бір рет Құбыланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Құбыла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.