Тарих - Кресттік жорықшылардың Құдыстағы ойраны
15 шілде 1099 жылы кресттік жорықшылар Құдысқа (Иерусалим) кіріп 70 000 мұсылманды жауыздықпен өлтірді. Гиодофрой де Буййон Папа ІІ. Урбанға жазған хатында былай дейді: «Құдыстағы бүкіл мұсылмандардың көзін жойдық. Сүлейман ғибадатханасында аттарымыздың тізесіне дейін мұсылмандардың қанын кешіп жүрміз...»
Рене Г. Роуссет есімді тарихшы жоғарыдағы айтылғандарды растап оған мына мәліметтерді қосты: «Кресттік жорықшылар Құдыста көптеген мұсылмандарды қырғынға ұшыратқаны соншама аттарының аяқтары қан дариясын кешкен сайын адам еттері дуалдарға шашырай берді...»
Рыцар Гестаның бұл жөнінде айтқан мәлімдемесі: «Мұндай қырғынды ол күнге дейін әлі ешкім көрмеген де, естімеген де болса керек. Өліктер пирамида секілді үйінді-үйінді күйде өртелді. Сандары қанша екендігін бір құдай біледі. Мұсылман және мусауи (Мұса алейһиссаламның дінінде) болған адамдардан ешқайсысы бұл қырғыннан аман қалмады...»
Сұхбат - Ғұсылдың парыздары
Ханафи мазһабында ғұсылдың парыздары үшеу:
1) Ауыз ішін шаю. Ауыз ішінде иненiң ұшындай су тимеген жер қалса, тiстерінiң тесiктерiне су тимесе ғұсыл алған болып есептелмейдi.
2) Мұрынды шаю. Мұрындағы құрғақ кiрдiң астына және ауыздағы нанның астына су тимесе ғұсыл өтпейді. Ханбали мазһабында ауызды және мұрынды шаю дәретте де ғұсылда да парыз. Шафии мазһабында болса, ғұсыл алуға ниет ету де парыз.
3) Дененiң барлық жерiн жуу. Кiндiктiң iшiн, мұрт, қас және сақал, оның астын және шашты жуу парыз. Тырнақта, ерiнде, көз қабағында немесе дененiң қандай да бiр жерiнде су өткiзбейтiн заттар болатын болса ғұсыл өтпейді.