Тарихи тұлға - Абдуллаһ Тержуман
Жерорта теңізінде орналасқан Майорка аралы Испания мемлекетіне тиесілі арал еді. Жасыл ормандар, зәйтүн ағаштарымен қапталған бұл аралда хижри 9-ғасырда Анселмо есімді бала дүниге келеді. Жас кезінде-ақ әкесі оған Інжілді жаттатқызады. Жасы өсе келе Інжілді жақсылап үйренуі үшін әкесі оны Ларде қаласына жібереді. Ол жерде медицина мен астрономия ілімдеріне қызығушылығы оянды. Бұл ілімдерді оқыған сайын ғылым өрісі кеңейе түсті. Әкесі, ұлының ілімін тағы да арттыру мақсатында поптардың ілім орталығы болып саналатын Набуния қаласына жібереді.
Бір күні ұстазы ауырып, сабаққа келмей қалады. Анселмо және достары өз араларында Иса алейһиссаламнан кейін келетін Параклит есімді пайғамбар жайлы дауласады. Оларды «Параклит деген кім?» «Шынымен ол адам бар ма?» «Өмір сүрген бе?»-деген сұрақтар қызықтырады. Анселмо сабақтан шығып, тікелей Никол Нертил ұстазының қасына барып, өзі мен достарының кейінгі келетін пайғамбар жайлы пікірталастарын айтып, осы тақырыпта сұрақ қозғайды. Ұстазы Анселмоға ешкімге айтпай, жасырып жүрген Мұхаммед алейһиссалам жайлы пікірін баяндайды. Анселмо бұл жөнінде зерттеу жүргізу үшін мұсылман елдеріне баруды ұйғарады.
Ақыры Анселмо ақ желкенді кемеге мініп, Тунусқа қарай бет алады. Ол жерде мұсылмандықты зерттеп, зерделеген соң Тунус бектерінен Әбул Аббас Ахмедтің қасына барып, мұсылман болғысы келетінін айтады. Бұдан былай оның аты Анселмо емес, Абдуллаһ болып өзгерді. Абдуллаһ теңіз порттарының басшысы етіп тағайындалып, Араб тілін ары қарай жетілдіріп, Мехдие қаласына кетеді. Ол жерде Женевиз және Франция флоттары тарапынан жіберілген хаттарды аударумен айналысады. Бұдан кейін оған аудармашы деген мағынадағы тержуман есімі тағылып «Абдуллаһ Тержуман» есімімен аталды. Христиандықтың ішкі жүзі және қалай бұзылғандығы баяндалған «Тухфәтул-Әриб» атты кітабы мәшһүр.