Untitled Document

Сұхбат - Негізгі мақсат иманмен өлу

Аллаһу та'ала мұсылмандардың өздерін емес, имандарының үстем екендігін білдірген. Иман кімде болса, сол үстем деген сөз. Шексіз үстемдік болса соңғы демде белгілі болады. Бүкіл өмірі иманмен өтіп, соңғы күндерінде иманы кетіп имансыз өлетін адам, қияметте имансыздардың арасында болады. Сол себепті иманмен өлу үшін күнде дұға ету керек.

Аллаһу та'ала шексіз мейірімімен пайғамбарлар жіберіп, сену керек болған нәрселерді құлдарына білдірген. Иман – пайғамбарымыздың білдіргендерін көңілмен (жүрекпен) қабылдау, сену деген сөз. Пайғамбарға сенбей, қарсы шыққан адам кәпір болады. Ал кәпірлер мәңгі жаһаннамда қалады.

Кез келген адамның мұсылман немесе кәпір екендігі, жақсылығы, жамандығы, жаннаттық немесе жаһаннамдық болатындығы соңғы демінде белгілі болады. Көптеген адамдар бүкіл өмір бойы кәпір болып соңында иманға қауышуы мүмкін. Бүкіл өмірі иманмен өтіп соңында теріс айналғандар да болуы мүмкін. Ешкімнің соңғы демі қалай болатындығы белгісіз. Қияметте болса соңғы демдегі жағдайға қаралады. Пайғамбарымыз былай деген: «Бір адам бүкіл өмірін жаһаннам отына жетелейтін күнәлар істейді. Бұл адам өмірінің соңғы күндерінде жаннатқа жетелейтін жақсылықтар жасап жаннатқа кіреді»

Әбу Али Дәққақ хазреттері де былай деген: «Әрбір адамның денесінде мыңдаған тамыр болады. Бұл тамырлардың барлығы пайғамбарымыздың және сахабалардың махаббатымен толы болса, бірақ бір тамырының сахабалардың біреуіне дұшпандығы (жақсы көрмесе) бар болса, өлім уақытында әмір келіп жанын сол бір тамырдан алады. Мұның бұзықтығынан дүниеден имансыз өтеді.»

Нәтижеде барлық нәрсенің, барлық істің бір мақсаты болады. Ал мұсылманның негізгі мұрат-мақсаты иманмен жан тапсыру, соңғы демде Аллаһ деп айта алу болуы керек.

Мутарриф бин Абдуллаһ хазреттері былай деген: «Жақсы ұғып алыңдар: Аллаһу та'ала бір құлына иманмен жан тапсырудан, иманмен өлуден артық ниғмет бермеген.»